Мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету
Мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету
1. Ақтау халықаралық әуежайы авиакомпанияларға физикалық мүмкіндіктері шектеулі жолаушылардың жүруіне көмек көрсету бойынша қызметтер көрсетеді (мүгедектерге арналған арбаларын беру, амбулифт және т.б.). Әуежай аумағында физикалық мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қызметтер тегін көрсетіледі.
2. «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ-да қажетті персонал мен қосалқы құралдарды жоспарлау үшін, қажеттіліктерді көрсете отырып, алдын ала өтінім беру міндетті шарт болып табылады. Тек осы жағдайда ғана тиісті қызметтер мен көмекті қамтамасыз етуге болады.
3. Мүмкіндіктері шектеулі немесе жүріп-тұру қабілеті шектеулі жолаушыға қажетті көмек туралы өтінім авиакомпаниядан немесе әуе тасымалдарын сату жөніндегі агенттен (туроператордан) «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ әуежайына ұшуға дейін 36 сағаттан кешіктірмей, факсимильді байланыс арқылы 8(7292) 60-97-76 нөміріне түсуі тиіс.
4. Егер авиакомпания немесе әуе тасымалдарды сату жөніндегі агент (туроператор) және мүмкіндіктері шектеулі немесе жүріп-тұру қабілеті шектеулі жолаушының өзі белгіленген мерзімде өтінім бермесе, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ-ға алдын ала берілген басқа өтінімдер бойынша қызмет көрсетуге персонал мен қосалқы құралдардың жұмыспен қамтылуына байланысты, көмек көрсету уақыты артуы мүмкін.
5. Егер Жолаушының жасы, физикалық немесе психикалық жай-күйі ұшуда оның денсаулығының нашарлауына немесе оның өміріне қауіп төндіруі мүмкін болса, Жолаушы тасымалдау басталғанға дейін Тасымалдаушыға оны тасымалдауға рұқсат етілетін дәрігер қол қойған медициналық қорытындыны беруге міндетті. Сондай-ақ, мұндай Жолаушыны тасымалдау жағдайларына қойылатын арнайы талаптар қорытындыда көрсетілуі керек. Сонымен қатар, жолаушыны брондау ұшуға дейін кемінде 72 сағат бұрын жасалуы керек.
6. Ақтау халықаралық әуежайы алдын ала өтінім берген кезде, мүмкіндігі шектеулі немесе жүріп-тұру қабілеті шектеулі жолаушыларға келесі кепілдікті береді:
– әуежайдың келісілген кездесу пункттерде, көмек көрсету туралы өтінішті беру және келуі туралы хабарлама беруге, әуежайдың ДСҚ (дәрегерлік санитарлық қызметтің) қызметкерлеріне жүгіну мүмкіндігі;
– жолаушылар терминалына кірген кезде, бірінші тексеру желісінен жолаушыларды тіркеу бағанына дейін өткізу;
– жолаушыларға ұшу алдындағы қызмет көрсетуден және жеке жүру үшін багажды ресімдеуден немесе багажды тапсырудан өту;
– тіркеу орнынан әуе кемесіне дейін жүріп-тұру және паспорттық, кедендік бақылау мен қауіпсіздікті бақылаудың қажетті рәсімдерінен өту;
-кресло-каталка немесе өзге де қосалқы құралдардың көмегімен әуе кемесінің бортына және әуежай терминалының ғимаратына кері жеткізу;
– әуе кемесінен багажды беру орнына дейін жеткізу және багажды алу, қажетті паспорттық және кедендік бақылау рәсімдерінен өту;
– багажды беру орнынан, келісілген кездесу орнына дейін орын ауыстыру.
Пайдалы ақпарат
Ауа райы
АҚТАУ ҚазірАқпарат
Mangystau.travel - бұл Қазақстанда орналасқан Маңғыстау облысындағы саяхаттар мен демалыстарға арналған сайт. Сайт Mangystau.travel аймақ қонақтары үшін келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
1. Облыстың түрлі туристік көрікті жерлері туралы толық ақпарат;
2. Туристік маршруттар мен экскурсиялар туралы ақпарат;
3. Туроператорлар мен гидтер туралы ақпарат;
4. Маңғыстау облысы қонақтарының жайлы болуын қамтамасыз ету үшін тамақтану орындары мен орналастыру орындары туралы ақпарат;
5. Өңірдің туризм саласындағы іс-шаралар мен соңғы жаңалықтар туралы ақпарат;
6. Сайтта аймақ қонақтарына арналған кеңестер мен ұсыныстар бар бөлім қамтылған;
7. Қазақстанның Маңғыстау облысы бойынша виртуалды саяхат.
Жарнама
Ақтау халықаралық әуежайындағы жарнама туралы ақпарат
Жаңалықтар
Ақтау халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда