Жолаушылар терминалы

Жолаушылар терминалы


Жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін терминал барлық заманауи күзеттің, қауіпсіздіктің құралдарымен, жаңа электрондық және электромеханикалық жүйелермен жабдықталған, олар: жолаушылар телескопиялық көпірлері, электрондық тіркеу тіректері, HVAC – салқындату және жылыту жүйесі, FIDS – электрондық таблода ұшу туралы хабарлау жүйесі, X-RAY – рентген сканерлері, CCTV – бейнебақылау жүйесі, заманауи өртке қарсы жүйе және сигнал беру жүйесі, лифтілер мен эскалаторлар.

  • Өткізу қабілеті – сағатына / 450 жолаушы
  • Автотұрақ – 228 орынға
  • VIP зал
  • CIP залы
  • Конференц зал
  • Медициналық пункт
  • Жүкті сақтау камерасы

Терминал қызметтері:

  • DUTY FREE
  • Такси қызметі
  • Кафе – барлар
  • Дүкендер
  • Авиакомпаниялар мен турагенттіктердің кеңселері
  • Әуе кассасы

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Осы жағдайды пайдала отырып, Сіздермен сәлемдесуге рұқсат етіңіздер, және біз әрқашан Сіздерді көруге қуаныштымыз және Сіздерді сапарларыңыздың межелі нүктесіне дейін кедергісіз жеткізу үшін барлық күш – жігерді жұмсаймыз. Сіздермен осы хат арқылы әуежай, жолаушылар терминалы және көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтермен бөлісуге рұқсат етіңіздер.

1. Саяхатты жоспарлау кезінде қаперге алыңыз.

Әуе билетті сатып ала отырып, жолаушы авиакомпаниямен келісім – шарт жасасады, яғни авиакомпанияның шарттары және ережелерімен келіседі (түйісу уақытымен, жолаушыларды, багажды соңғы пунктке және т.б. дейін жеткізуді қамтамасыз ету).

Транзиттік жолаушы – бұл әуе тасымалының шартына сәйкес аралық әуежайда тоқтай отырып, соңғы келу пунктіне дейін тасымалданатын жолаушы. Бұл ретте, егер жолаушы халықаралық бағыт бойынша келген немесе кеткен жағдайда, онда шекаралық бақылаудан және кедендік рәсімдеуден өту рәсімдері соңғы пунктте өтеді. Транзиттік жолаушы аралық әуежайда әуе кемесінен стерильді аймаққа шекаралық және кедендік бақылауды ресімдемей одан әрі әуе кемесіне отырғызылып жіберіледі.

Ақтау әуежайында паспорт пен кедендік ресімдеу процедурасын (кедендік бақылаудан кеден одағына кіретін елдерден келген жолаушылар өтпейді), ұшып шығуға да, ұшып келу үшін де өтетіндігіне байланысты, жолаушылар транзитті болып табылмайды, олар үшін тасымалдау аяқталды. Бұдан әрі жолаушылар авиакомпанияның ережелеріне сәйкес жалпы негізде, жаңа рейске барады. Ұшу алдындағы тексеру рәсімінен кейін, ең аз түйісу уақыт ішінде жолаушылар күту залына өтеді, онда жеткілікті отыратын орындар бар, жолаушыларды ұшаққа отырғызуға шақырғанға дейін, орналастыру үшін қажетті жағдайлар мен ыңғайлықтар бар.

Авиакомпания жолаушыға рейстердің ұшып келу және ұшып кету уақыты, түйіспелі рейсті күту уақыты туралы, алдыңғы рейтің жалғасы болмайтыны туралы, түйісу рейсіне ресімдеу басталғанға дейін, жолаушы бос уақытты қалай өткізуді жоспарлауы үшін толық ақпарат беруге міндетті екенін еске саламыз. Осыған байланысты жолаушы жолаушыларды ресімдеу аймағына ұшуға 2 сағат қалғанда дейін (немесе авиакомпанияның ережелеріне сәйкес бекітілген уақытта) келуі тиіс.

Ақтау әуежайының жолаушылар терминалы жолаушыларға ұшып шығу мен ұшып кетуіне ыңғайлы, жылдам қызмет көрсету үшін жобаланған. Біздің міндетіміз – жолаушыны әуе кемесіне отырғызуға немесе қалаға шыққанға дейін барлық рәсімдерді барынша қысқа мерзімде өтуін қамтамасыз ету, бұл қызмет көрсету сапасының көрсеткіші болып табылады. Терминал залдарында ұзақ уақыт бойы, уақыт өткізуге арналмаған. Ол үшін жолаушылар қонақ үйді, кафені, CIP-залды пайдалана алады, такси мен сақтау камерасының қызметтерін пайдалана алады және қалада уақыт өткізе алады. Біздің қызметкерлер Сізге әуежайдың және біздің серіктестеріміздің қосымша қызметттері туралы ақпарат беруде қолдан келерлік көмек көрсетеді.

2. Ақтау әуежайы жолаушылар үшін қызметтерді пайдалануды ұсына алады:

* Анықтама бюросы.

* Ұшып шығу, ұшып келу ақпараттық таблосы.

* Кафе.

* Сақтау камерасы.

* Багаж бен қол жүгін тасымалдауға арналған арбалар (басқа жолаушылар осы қызметті пайдалана алуы үшін оларды бөлінген орынға қайтарған жағдайда, төлемсіз беріледі).

* Медпункт.

* Багажды орау.

* Әуебилеттерді сату кассалары.

* Дүкендер, Duty Free, кәдесыйлар, және т. б.

* Автотұрақ.

* Газет, журналдар дүңгіршектері.

* Қазпошта

* Банкоматтар

* WI-FI

3. Ең кішкентай жолаушыларға қызмет көрсету.

Ана мен бала бөлмесін тек 7 жасқа толмаған балалары бар жолаушылар ғана пайдалана алады. Бұл бөлменің нысаналы мақсаты баланың қайта киімін ауыстыру немесе баланы қайта бөлеу, баланы емшек сүтімен тамақтандару үшін, қысқа мерзімде пайдалану болып табылады.

Осы бөлменің қызметіне өз кезегін күтуде тұрған басқа жолаушылардың мұқтаж екеніне түсінікпен қарағаныңыз үшін, біз қуаныштымыз. Жолаушылардың назарына тағы бір рет еске салғымыз келеді, Ана мен балаға арналған бөлме ана – аналар үшін демалыс бөлмесі болып табылмайды.

4. Тек өзара ұқыпты қарым – қатынас оң әсер береді.

Жолаушылардың талаптарын қанағаттандыру мақсатында біздер келіп түскен шағымдарды үнемі талдап, оларды қызмет көрсету сапасын арттыру үшін тиісті департаменттер мен серіктестерімізге жібереміз. Біз сіздерге біздің жұмысымыз туралы оң пікірлер үшін алғыс айтамыз және кез келген сынға жауап беруге тырысамыз. Біз сондай – ақ, бізге және болашақ жолаушыларға естелікке қалдырған (суретте көрсетілген ретсіздікті) жолаушы болмайтыныңызға рахмет айтқымыз келеді:

Біз әрдайым көрсетілетін қызметтерді жақсарту туралы ұсыныстарыңызды алуға қуаныштымыз және Сіздің түсіністік танытқаныңызға ризамыз. Келесі кездескенше.

Пайдалы ақпарат

Ауа райы

АҚТАУ Қазір

Ақпарат

Image Mangystau.travel - бұл Қазақстанда орналасқан Маңғыстау облысындағы саяхаттар мен демалыстарға арналған сайт. Сайт Mangystau.travel аймақ қонақтары үшін келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
1. Облыстың түрлі туристік көрікті жерлері туралы толық ақпарат;
2. Туристік маршруттар мен экскурсиялар туралы ақпарат;
3. Туроператорлар мен гидтер туралы ақпарат;
4. Маңғыстау облысы қонақтарының жайлы болуын қамтамасыз ету үшін тамақтану орындары мен орналастыру орындары туралы ақпарат;
5. Өңірдің туризм саласындағы іс-шаралар мен соңғы жаңалықтар туралы ақпарат;
6. Сайтта аймақ қонақтарына арналған кеңестер мен ұсыныстар бар бөлім қамтылған;
7. Қазақстанның Маңғыстау облысы бойынша виртуалды саяхат.

Жарнама

Image Ақтау халықаралық әуежайындағы жарнама туралы ақпарат

Жаңалықтар

Image
2024 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстанда Бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі