Компания туралы
Компания туралы
«Ақтау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы 1996 жылғы қарашада құрылды. Әуежай 1983 жылдан бастап жұмыс істейді және азаматтық авиацияда пайдаланылатын барлық үлгідегі әуе кемелерін қабылдау және шығару үшін жабдықталған.
Каспий маңы өңірінің мұнай саласының қарқынды дамуы жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуды, мұнайшыларға арналған қажетті жабдықтарды жылдам жеткізуді талап етті, бұл өз кезегінде әуеайлақты қайта жаңарту және жаңа жолаушылар терминалын салу қажеттілігін тудырды.
«Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ өміріндегі жаңа кезең 2007 жылғы желтоқсанда басталды. Өткізілген тендерге сәйкес «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ акцияларының 100% – ы «ATM Grup Uluslararası Havalimanı Yapım Yatırım ve Işletme limited» түрік компаниясына 28 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілді. Сол жылы Маңғыстау облысының әкімдігі мен АТМ Grup арасында 30 жыл мерзімге халықаралық жаңа жолаушылар терминалын салуға және пайдалануға концессия шарты жасалды. Сенімгерлік басқару шартына сәйкес әуежай ұшу-қону жолағын қайта жаңарту және ұзарту, перрон мен рульдеу жолдарын қайта жаңарту, ИКАО-ға сәйкес санаты жоқ ОМИ жарық сигнал жүйесін CAT I бірінші санаттына ауыстыру жүргізілуде. Қайта жаңарту аяқталғаннан кейін ҰҚЖ ұзындығы 3060 м, ені 45 м, жабын тығыздығы кемінде 50 PCN құрайды. Бұл барынша жоғары ұшу массасы бойынша барлық ауыр жүк таситын кемелерді шектеусіз қабылдауға мүмкіндік береді.
Жаңа жолаушылар терминалының құрылысы 2009 жылы аяқталды. Терминалдың өткізу қабілеті сағатына 450 жолаушыны құрайды, VIP және CIP залдары алып жатқан ауданды қоса алғанда, жалпы ауданы 13 400 м2 құрайды. Терминал барлық заманауи жабдықтармен, күзет пен қауіпсіздікті қоса алғанда, жаңа электрондық және электромеханикалық жүйелермен жабдықталған.
Әуежай 2009 жылы «ТМД елдерінің жылдың үздік әуежайы» байқауында 2008 жылғы «ТМД елдерінің қарқынды дамып келе жатқан әуежайы» номинациясында жеңімпаз атанды, ал 2010 жылдың мамыр айында Ақтау әуежайы 2009 жылғы ең «ТМД елдерінің болашағы зор дамып келе жатқан әуежайы» деп танылды.
Қазіргі уақытта Ақтау әуежайы Астана және Алматы әуежайларынан кейін тасымалдау көлемі бойынша Қазақстан Республикасында үшінші орынды алады. Әуежайда қазақстандық және шетелдік авиакомпанияларға қызмет көрсетіледі, олар 8 ішкі және 16 халықаралық бағыт бойынша ұшуды орындайды. Ақтаудан Мәскеу, Ыстамбул, Баку және Киев арқылы әлемнің кез келген нүктесіне жетуге болады. Қазақстанның барлық жолаушылар транзиті өңірлік авиакомпаниялардың арқасында жүзеге асырылады, олар жолаушылар әлеуеті неғұрлым аз қалалардан (Атырау, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал) жолаушыларды Ақтау әуежайына жинап, осы 4 ірі әуежай арқылы әрі қарай бүкіл әлем бойынша қатынайды. Қазіргі уақытта әуежай облыстың транзиттік әлеуетін іске асыру мақсатында әлемнің түйісу әуежайларына жаңа бағыттарды ашу бойынша маркетингтік жұмыстар жүргізуде.
Пайдалы ақпарат
Ауа райы
АҚТАУ ҚазірАқпарат
Ақтау халықаралық әуежайының аумағында көрсету үшін, жер үстінде қызмет көрсету қызметтерінің тізбесіне кіретін борттық тамақтандыру қызметтерін жеткізушілерді іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру
Жарнама
Ақтау халықаралық әуежайындағы жарнама туралы ақпарат
Жаңалықтар
Azimuth Airlines әуекомпаниясы Ақтауға Сочи мен Минеральные водыдан рейстерді бастайды!