Үй жануарларын және тыйым салынған заттарды алып жүру ережесі

Үй жануарларын және тыйым салынған заттарды алып жүру ережесі


Әр елде жануарларды тасымалдау ережелері бар, сондықтан авиабилетті сатып алу немесе орын брондау кезінде операторға өзіңізбен бірге жануарды алғыңыз келетінін міндетті түрде хабарлаңыз. Оператор Сізге авиациялық көлікпен тасымалдау үшін, сіздің жануарыңызға қатысты барынша толық ақпарат беруге міндетті.

Барлық авиакомпаниялар үшін жалғыз стандартты шарт – сіздің жануарыңыздың «жеке басын» куәландыратын негізгі құжат болып табылатын ветеринариялық куәліктің міндетті болуы, сондай – ақ жануарды тасымалдауда жоспарланған зауыттық орындаудағы сенімді тордың – контейнердің болуы талап болып табылады.

Авиациялық әуе көлігінде тасымалдауға тыйым салынған заттар.

Тіркелетін багажда немесе қол жүгінде тасымалдауға тыйым салынған бірқатар заттар бар. Ұшақтың бортында басқа жолаушыларға немесе экипаж мүшелеріне қауіп төндіруі мүмкін заттарды алып жүруге тыйым салынады.

Сұйықтықтарды қол жүгі арқылы тасымалдау

Сіз өзіңіздің қол жүгіңізде 1 затты 100 мл (3,4 Унция) аспайтын азғантай мөлшердегі сұйықтықты тасымалдай аласыз. Сіз көлемі 1 литрден аспайтын бұл заттарды мөлдір тығыз жабылған пластикалық пакетке салуыңыз керек. Пакет жабық болуы тиіс және пакеттегі заттар оның мөлшеріне сәйкес келуі және оңай орналастырылуы тиіс. Бір адамға бір пластикалық пакетті тасымалдауға рұқсат етілген.

Атыс қаруы

Сіздің қол жүгіңізде немесе тіркелетін багажда снарядтарды атуға немесе жарақат салуға және жарақаттануға болатын қандай да бір заттарды алып жүруге тыйым салынады. Олардың қатарына мыналар жатады:

  • Пневматикалық тапанша, пневматикалық винтовкалар және атыс қаруы
  • Пневматикалық (үрмелі) мылтық
  • Катапульттер
  • Арбалеттер
  • Атыс қаруының компоненттері (телескопиялық проекциялық жабдықтарды және көрсеткіш тетіктерді қоспағанда)
  • Атыс қаруы (тапаншалар, револьверлер, винтовкалар және т. б.)
  • Гарпундар және дротик мылтықтары
  • Ізгілік тұрғыда жануарлардың өмірін жоюға арналған құрылғылар
  • Қыстырғыштарға арналған өнеркәсіптік тігіндегіштер және кеңсе пистолеттер
  • Жауынгерлік оқ немесе бос гильзалардан жасалған зергерлік бұйымдар немесе бойтұмарлар
  • Оттықтар
  • Көне атыс қаруының модельдері және имитацияланатын атыс қаруы
  • Сигнал беру ракетницалары
  • Старт беру тапаншалары
  • Паралич немесе соққы беретін құрылғылар, мысалы, электрошокер немесе баллистикалық энергетикалық жүйелер
  • Ойыншық тапаншалар

Спорт пен аң аулауға арналған атыс қаруы және жарақтарының кейбір түрлері, белгілі бір шарттар сақталған кезде, тіркелетін багаж ретінде тасымалдануы мүмкін. Бұл туралы сіз міндетті түрде авиакомпанияңыздың операторына әуе билетін сатып алған кезде, бұдан әрі осы затты тасымалдауда барлық қажетті нұсқауларды алу үшін хабарлауыңыз қажет.

Өткір /аса өткір қару мен заттар

Жаралану мен жарақаттанып қалуға мүмкін, өткір немесе аса өткір заттарды қол жүгінде алып жүруге тыйым салынады. Олардың қатарына мыналар жатады:

  • Жебелер және дротиктер
  • Балталар мен шапашоттар
  • Монтер қадауыл істіктері
  • Гарпундар және дротиктер
  • Мұзды балталар және мұзжарғыштар
  • Конькилер
  • Кез келген ұзындықтағы жүздері бар жиналмалы пышақтар немесе сабынан шығарылатын пышақтар
  • Металлдан немесе басқа материалдан жасалған, қару ретінде пайдалануға арналған, жүзінің ұзындығы 6 см (2,5 дюйм) артық пышақтар, оның ішінде салт – жоралық пышақтар
  • Мачетелер
  • Етке арналған кескіштер
  • Ашық түрдегі ұстаралар (қауіпсіз ұстараларды немесе жүздері ауыспалы блоктарға салынған бір реттік ұстараларды қоспағанда)
  • Қылыштар, семсерлер және семсерлердің тұтқалары
  • Скальпельдер
  • Жүзінің ұзындығы 6 см артық қайшылар
  • Шаңғы таяқтары және жүруге/серуендеуге арналған таяқтар
  • Лақтыратын жұлдызшалар

Өткір және аса өткір қару ретінде пайдаланылуы мүмкін құралдар, мысалы, бұрғы және бұрғының кұрамдас бөліктері, Стэнли пышақтары, шаруашылық пышақтар, араның барлық түрлері, бұрауыштар, сынықтар, балғалар, тістеуіктер, атауыздар, сомын кілттері мен гайка бұрағыштар, дәнекерлегіш құрылғылар.

Өткір емес заттар

Қол жүгінде жарақат келтіруі мүмкін қандай да бір өткір емес заттарды тасымалдауға тыйым салынады, атап айтқанда:

  • Бейсбол биталары және софтболға арналған биталары
  • Бильярд, снукер және пул ойындарына арналған киилер
  • Крикет ойындарына арналған биталар
  • Қармақтар
  • Гольф ойынына арналған имек таяқтар
  • Хоккей ойынына арналған имек таяқтар
  • Байдаркаларға және каноэға арналған ескектер
  • Лакросс ойынына арналған таяқтар
  • Жауынгерлік өнерге арналған жабдықтар, мысалы, кастеттер, таяқтар, имек таяқтар, шынжырлар, нун-чактар, кубатондар және кубасаунттар
  • Қатты және иілгіш имек таяқтары немесе шоқпарлар, мысалы, найзаның сабы, тоқпақтар және шоқпарлар
  • Скейтбордтар

Жарылғыш және жеңіл тұтанатын нәрселер

Қол жүгінде, сондай – ақ тіркелетін багажда жолаушылардың немесе экипаж мүшелерінің денсаулығына, мүлкіне қауіп төндіруі немесе әуе кеменің қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін кез келген жарылғыш немесе (өте) жеңіл тұтанатын нәрселерді тасымалдауға тыйым салынған, атап айтқанда мыналарды:

  • Бояуы бар аэрозольді баллондар
  • Жалпы көлемі бойынша 70% пайыздан артық алкоголь (күштілігі 140 пайыз ) құрамды алькогольді сусындар
  • Оқ – дәрілер
  • Тұтандырғыш капсюльдер
  • Тұтандырғыштар мен білтелер
  • Жарылғыш заттар мен құрылғылар
  • Отшашулар немесе кез келген түрдегі ракетницалар (оның ішінде, хлопушкалар және және отшашпалар)
  • Тұтанатын сұйық отыны, мысалы, бензин, дизель, оңай буланатын отын, спирт, этанол
  • Газ және газды контейнерлер, мысалы, бутан, пропан, ацетилен, үлкен көлемдегі оттегі
  • Гранаталар
  • Сіріңкелер, қауіпсіз сіріңкеден басқа
  • Миналар және басқа да жарылғыш оқ-дәрілер
  • Көне және имитациялық жарылғыш заттар мен құрылғылар
  • Түтін шашкалары немесе гильзалар
  • Скипидарға және бояуға арналған еріткіш
  • Химикаттар және уландырғыш заттар

Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің денсаулығына немесе мүлкіне қатер төндіруі немесе әуе кеменің қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қандай да бір химикаттарды немесе уландырғыш заттарды алып жүруге тыйым салынады. Олардың қатарына мыналар жатады:

  • Қышқылдар мен сілтілер, мысалы, ағатын “дымқыл” батареялар
  • Коррозиялық немесе ағартатын заттар, мысалы, сынап немесе хлор
  • Паралия (сал) болуға әкеп соқтыратын сұйықтығы бар аэрозольдер, мысалы, газды баллон, бұрышталған аэрозоль, көзден жас ағызатын газ
  • Өрт сөндіргіштер
  • Инфекциялық немесе биологиялық қауіпті заттар, мысалы, жұқтырылған қан, бактериялар немесе вирустар
  • Өздігінен жанғыш немесе жарылғыш заттар
  • Улар
  • Радиоактивті заттар, мысалы, медициналық немесе өнеркәсіптік изотоптар

Пайдалы ақпарат

Ауа райы

АҚТАУ Қазір

Ақпарат

Image
Ақтау халықаралық әуежайының аумағында көрсету үшін, жер үстінде қызмет көрсету қызметтерінің тізбесіне кіретін борттық тамақтандыру қызметтерін жеткізушілерді іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жарнама

Image Ақтау халықаралық әуежайындағы жарнама туралы ақпарат

Жаңалықтар

Image
Azimuth Airlines әуекомпаниясы Ақтауға Сочи мен Минеральные водыдан рейстерді бастайды!