ҰҚБЖ

Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі


«Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ
Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі ерікті хабарлау жүйесі

Қауіпті факторларды анықтау үшін, ақпараттың басты көздерінің бірі – ұшу қауіпсіздігі жөніндегі деректерді ерікті түрде ұсыну жүйесі болып табылады.

Ұшу қауіпсіздігі туралы деректерді ерікті ұсыну жүйесі, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы әлеуетті проблемалар туралы, мысалы, қолайсыз оқиғадан, қателіктерден әрең құтыла алған кездегі қауіпті факторлар, жағдайлар туралы мәліметтерді ұсыну арнасы болып табылады.

Деректерді ерікті жүйесі арқылы ұсынған ақпарат тек  қана ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын болады.

Деректерді ерікті түрде ұсыну жүйесі «жазалаушы емес» сипатқа ие, біз осындай мәліметтерді тұрақты ұсынуды ынталандыру үшін, ақпарат көздерін қорғауды қамтамасыз етеміз. Жалпы мақсат ұшу қауіпсіздігі туралы деректерді ұсынудың оң мәдениетін енгізу және ұшу қауіпсіздігі саласындағы ықтимал кемшіліктерді белсенді түрде анықтау болып табылады.

Деректерді ерікті түрде ұсыну жүйесі «жазаламау» сипатына ие, біз осындай мәліметтерді тұрақты ұсынуды ынталандыру үшін ақпарат көздерін қорғауды қамтамасыз етеміз. Жалпы  мақсат,  бұл  ұшу  қауіпсіздігі  жөніндегі  деректерді  ұсынудың,  позитивті мәдениетін енгізу және ұшу қауіпсіздігі саласындағы мүмкін болатын кемшіліктерді проактивті түрде анықтау.

Біз деректерді ерікті түрде ұсыну жүйесі арқылы, ұшу қауіпсіздігі проблемасы туралы хабарлаған тұлғаға қарсы ешқандай шаралар қабылданбайтынына және қатаң құпиялылық қамтамасыз етілетініне кепілдік береміз.

Ерікті хабарламаларды беру тәртібі.

Ұшу қауіпсіздігіне теріс әсер ететін фактілер туралы ерікті хабарламаны АҚ-ның кез келген қызметкері, өзара іс-қимыл жасайтын авиациялық ұйымдардың, әуежайлар мен авиакомпаниялардың қызметкерлері бере алады.

Ерікті хабарлама келесі арналар бойынша берілуі мүмкін:

– электрондық пошта арқылы: inspector@aktau-airport.kz; office@aktau-airport.kz;

– жазбаша түрде мына мекен-жай бойынша: Ақтау қ., әуежай, ҰҚ бойынша әкімшісі, ерікті хабарламалар жүйесі;

– 8 (7292) 609710/ 609777 телефондары бойынша; – «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ 1-ші БӨП-тегі  «Ерікті хабарламалар пункті» жәшігі.

– ҰҚ (Ұшу қауіпсіздігі) туралы құпия және жасырын хабарламалар: ҰҚ туралы хабарламалар


Пайдалы ақпарат

Ауа райы

АҚТАУ Қазір

Ақпарат

Image
"Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ қоғамның банктік қарыз алумен байланысты ірі мәміле жасасқаны туралы хабарлайды

Жарнама

Image Ақтау халықаралық әуежайындағы жарнама туралы ақпарат

Жаңалықтар

Image
Құрметті жолаушылар!