Қауіпсіздік

Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы


 «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ  «Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 Қаулысына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес, заңды және жеке тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметін жүзеге асыруға рұқсаттар беру көзделгені туралы хабарлайды.

Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметке:

1) әуеайлақ маңындағы аумақта және әуе трассалары шегіндегі жерлерде орналасқан объектілерді, электр беру желілерін, басқа да кедергілерді салу;

2) олардың салдарынан әуе кеңістігінде электрмагниттік, жарықтық, акустикалық, корпускулярлық және сәуле шығарудың өзге де түрлері жүргізілетін жұмыстар;

3) құстардың жаппай жиналуына немесе ұшу көрінімінің нашарлауына (түтін шоғырлануы салдарынан) әкеп соқтыратын объектілерді орналастыру;

4) әуе кеңістігін пайдаланумен тікелей байланысты емес, бірақ әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне, олардың жабдықтарына және ондағы адамдарға әсер ететін басқа да қызмет жатады.

ӘБН-нен 15 км жақын қашықтықта тағам қалдықтарын тастайтын орындарды, аң фермаларын, қасапханаларды және құстарды тартумен және олардың топталып жиналуымен ерекшеленетін басқа да объектілер құрылысын орналастыруға тыйым салынады.

Рұқсат алу  мыналарды:

1) барлық объектілерді:

ұшу-қону жолағының ең жақын нүктесінен 4 км-ге дейінгі қашықтықтағы кез келген биіктік;

шынайы (геометриялық) биіктігі  әуеайлақ деңгейіне қатысты 45 метр және одан астам және ӘБН-нен 15 км шегінде орналасқан;

шынайы (геометриялық) биіктігі жер деңгейіне қатысты 100 м және одан астам, ал әуеайлақ маңындағы аумақта – әуеайлақ деңгейіне қатысты 100 м және одан астам барлық объектілерді;

2) авиациялық  радиотехникалық  құралдардың  және жарық беретін сигнал жабдықтарының  қалыпты  жұмыс істеуі үшін кедергі келтіруі мүмкін байланыс, электр беру  желілерін, сондай-ақ  басқа  да радио, электромагниттік және жарық арқылы сәулелену  объектілерін;

3) шығарылатын газдарды авариялық жағу үшін факелді құрылғылардың;

Факелді құрылғылардың биіктігін анықтау кезінде жалын шығарудың ең жоғары ықтимал биіктігі ескеріледі;

4) қызметі әуеайлақ (тікұшақ айлағы) аудандарындағы көрудің нашарлауына әкеп соғуы мүмкін өнеркәсіптік, өзге де кәсіпорындар мен құрылыстарды;

5) жарылыс қаупі бар объектілерді орналастыру үшін талап етіледі.

Рұқсатты азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде:

      1) әуеайлақ маңындағы аумақ шекаралары шегінде «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ комиссиясының қорытындысы;

      2) әуеайлақ маңындағы аумақ шекаралары шегінен тыс кедергілер туралы электрондық дерекқорға ие жобалық ұйымның қорытындысы негізінде береді.

«Ақтау  халықаралық  әуежайы»  АҚ  комиссиясының  қорытындысын  алу үшін Сізге  келесі құжаттарды қоса  бере отырып, еркін нысанда өтінім жолдау қажет:

1) әуеайлақ маңындағы аумақта және әуе трассалары шегіндегі жерлерде орналасқан объектілерді, электр беру желілерін, кедергілерді салу үшін:

құрылыс объектілерінің  тізбесі;

объектіден ӘБН-ге дейінгі аралықты көрсете отырып, құрылыс кезінде пайдаланылатын құрылыстардың, діңгектердің, құрылыс крандарының биіктігі туралы деректер;

объектіден ӘБН-ге дейінгі аралықты көрсете отырып, құрылыс учаскелеріндегі жер бетінің абсолюттік белгілері деректері, қалаға немесе елді мекенге орнықтырылған құрылыс объектілерін салу учаскесі белгіленген жергілікті жер бедерінің картасы;

электр беру желілерінің кернеуі туралы мәліметтер;

электр беру желілері (оның ішінде бұрыштық, тоғандар, өзендер, темір жолдар мен автомобиль жолдары арқылы өтетін) биіктігінің деректері;

дүниенің жақтары бойынша бағдарланған жергілікті жер бедерін ескере және ауқымын көрсете отырып, электр беру желілері трассасының жоспары;

әуежай ауданындағы объектілер мен кедергілердің ұзақтығы туралы деректер;

дүниенің тарабы бойынша бағдарланған жергілікті жер бедерін ескере және ауқымын көрсете отырып, объектілер мен кедергілер ұзақтығының жоспары;

2) олардың салдарынан әуе кеңістігінде электромагниттік, жарықтық, акустикалық, корпускулярлық және сәуле шығарудың өзге де түрлері жүргізілетін жұмыстар жүргізу үшін:

учаскенің бастапқы  және  соңғы  пункттері туралы деректер және бүкіл трассаның атаулары (аумағы бойынша трасса өтетін облысты, ауданды көрсете отырып);

радио сәуле шығаратын құрылғылардың мақсаты туралы деректер, жұмыс жиілігі, қуаттылығы, сәуле шығару бағыттылығы, антенналық құрылғылардың биіктігі;

3) құстардың жаппай жиналуына немесе ұшу көрінімінің нашарлауына әкеп соқтыратын объектілерді орналастыру үшін объектінің орналасу орны туралы деректер, ӘБН-ге дейінгі аралық ұсынылады;

4) әуе кеңістігінде материалдық объектілердің тасмалдануына тікелей байланысты емес, бірақ әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне, олардың жабдықтарына және ондағы адамдарға әсер ететін басқа да қызметті жүзеге асыру тәртібі және шарттары туралы мәліметтер.

Заңды тұлғалар заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы не куәлікті қоса бере отырып, рұқсат алуға өтінімді бірінші басшының қолы қойылып, мөр басылған ұйымның бланкісінде ұсынады.

Жеке тұлғалар рұқсат алу үшін өтінімді үйінің мекенжайын көрсете отырып ұсынады. Дара кәсіпкерлер сондай-ақ дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлікті ұсынатынына назар аударыңыз.

Рұқсат алуға арналған өтінім, оны алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

Өтінімдерді   жіберу  мекенжайы:

«Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, өнеркәсіп аймағы 9, 70. Пошта индексі: 130000.

Тел.: 8 7292 609746.

Электрондық мекен-жайы почты: office@aktau-airport.kz. Толық ақпарат мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1100000504

Пайдалы ақпарат

Ауа райы

АҚТАУ Қазір

Ақпарат

Image Mangystau.travel - бұл Қазақстанда орналасқан Маңғыстау облысындағы саяхаттар мен демалыстарға арналған сайт. Сайт Mangystau.travel аймақ қонақтары үшін келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
1. Облыстың түрлі туристік көрікті жерлері туралы толық ақпарат;
2. Туристік маршруттар мен экскурсиялар туралы ақпарат;
3. Туроператорлар мен гидтер туралы ақпарат;
4. Маңғыстау облысы қонақтарының жайлы болуын қамтамасыз ету үшін тамақтану орындары мен орналастыру орындары туралы ақпарат;
5. Өңірдің туризм саласындағы іс-шаралар мен соңғы жаңалықтар туралы ақпарат;
6. Сайтта аймақ қонақтарына арналған кеңестер мен ұсыныстар бар бөлім қамтылған;
7. Қазақстанның Маңғыстау облысы бойынша виртуалды саяхат.

Жарнама

Image Ақтау халықаралық әуежайындағы жарнама туралы ақпарат

Жаңалықтар

Image
Ақтау халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда