Жаңалықтар

Жаңалықтар


16 қыркүйек 2024 ж.

 “Ақтау халықаралық әуежайы” АҚ-на E-otinish

    “Ақтау халықаралық әуежайы” АҚ e-otinish порталында (азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы) тіркеуді жүргізді.
Бұл сервис жеке және заңды тұлғалардан онлайн-өтініштерді қабылдау және қарау үшін құрылған.
Бүгінгі таңда “Ақтау халықаралық әуежайы” АҚ-на e-otinish порталы арқылы сілтеме бойынша жүгінуге болады https://eotinish.kz/kk. Берілген өтінімдер тіркеледі және бейінді ведомстволардың қарауына жіберіледі.
Сервисті пайдалану кезінде жақсы кері байланыс қамтамасыз етіледі, айналымның қозғалысы ғана емес, сонымен қатар өңдеу сапасы – мерзімдері, тиімділігі бақыланады.

31 шiлде 2024 ж.

Құрметті жолаушылар,
Ақтау халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.

    Жұмыстарды 2024 жылдың қыркүйек, қазан айларында жүргізу жоспарлануда. Ақтау әуежайы осы кезеңде мынадай регламент бойынша жұмыс істейтін болады:

    2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап 29 қыркүйекке дейін:

    сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері – тәулік бойы 24 сағат;
    дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері – Ақтау уақыты бойынша 21-00-ден 09-00-ге дейін;
    жөндеу жұмыстары күндізгі уақытта Ақтау уақыты бойынша 09-00-ден 21-00-ге дейін жүргізілетін болады.

    2024 жылғы 30 қыркүйектен 20 қазан аралығында:

    сейсенбі, жұма күндері – тәулік бойы 24 сағат;
    дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сенбі, жексенбі күндері – Ақтау уақыты бойынша 21-00-ден 09-00-ге дейін;
    жөндеу жұмыстары күндізгі уақытта Ақтау уақыты бойынша 09-00-ден 21-00-ге дейін жүргізілетін болады.

Ұшу-қону жолағында жөндеу жүргізу жұмыстары ұшу қауіпсіздігін, әуе кемелері мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген.
«Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ басшылығы жолаушылардан кәсіпорынның қызметіне түсіністікпен қарауды сұрайды, өйткені біз үшін ұшулар мен жолаушылардың қауіпсіздігі бәрінен де маңызды.

16 шiлде 2024 ж.

2024 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп беру

    “Ақтау халықаралық әуежайы” АҚ келесі реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша 2024 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп беру өткізілетіні туралы хабарлайды:

  • әуе кемесінің ұшып-қонуын қамтамасыз ету бойынша;
  • авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша;
  • қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған түрлері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру;
  • базалық әуеайлақта әуе кемесінің тұрақ орнын беру бойынша.

Өткізу күні 2024 жылғы 26 шілдеде сағат 15:00-де, Ақтау әуежайының ғимаратында, 2 қабат, конференц-зал. Қатысу үшін ұйымдастырушыны 8(7292) 60-97-63, 60-97-41 телефондары арқылы хабардар ету қажет. Тыңдаушылар тізімін алдын ала қалыптастыру мерзімі 24 сағат бұрын аяқталады.

15 сәуiр 2024 ж.

2023 жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп жүргізу

    “Ақтау халықаралық әуежайы” АҚ келесі реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есептің алдағы өткізілетіні туралы хабарлайды:

  • әуе кемесінің ұшып-қонуын қамтамасыз ету бойынша;
  • авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша;
  • қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған түрлері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру;
  • базалық әуеайлақта әуе кемесінің тұрақ орнын беру бойынша.

Өткізу күні 2024 жылғы 26 сәуір сағат 15:00-де, Ақтау әуежайының ғимаратында, 2 қабат, конференц-зал. Қатысу үшін ұйымдастырушыны 8(7292) 60-97-63, 60-97-41 телефондары арқылы хабардар ету қажет. Тыңдаушылар тізімін алдын ала қалыптастыру мерзімі өткізуден 24 сағат бұрын аяқталады.

09 ақпан 2024 ж.

2024 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстанда Бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі

    «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылады және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт 1 сағат артқа ауыстырылады.

    Осыған байланысты рейсіңіздің ұшу уақытын алдын ала авиакомпания өкілдерінен білуіңізді сұраймыз.

22 қаңтар 2024 ж.

Тарифтерді индекстеу деңгейі бойынша қолданысқа енгізу туралы хабарлама

ҚР ААК 2023 жылғы 20 қазандағы № 58  бұйрығының негізінде

ҚР ИИДМ 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171  бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 13 Тарауының 281 тармағы және 2023 жылғы 20 желтоқсандағы №296 ішкі бұйрықтың негізінде  « Ақтау Халықаралық әуежайы» АҚ келесі реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша тарифтердің қолданысқа енгізілетіні туралы хабарлайды:

  • Қазақстан Республикасы әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған түрлері  үшін алты сағаттан астам  тұрақ орнын беру бойынша индекстеу деңгейі 01.02.2024 ж. бастап – 30,74 тг.
  • Қазақстан Республикасы әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын берубойынша индекстеу деңгейі 01.02.2024 ж. бастап – 144,16 тг.

Өзгерістер тарифтік сметада көрсетілген шығындардың, оның ішінде жыл сайын жалақыны индекстеу жүргізілетін еңбекақы шығындары, материалдық және басқа да шығындардың бағалары жыл сайын өсуіне, сондай-ақ салық мөлшерінің ұлғаюына байланысты қабылданды.

24 қараша 2023 ж.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлама

    «АҚТАУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ» АҚ тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер деңгейін индекстеу деңгейіне өзгерту туралы  қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды:

  • қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған түрлері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру;
  • әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру.

    Өткізілетін күні 2023 жылдың 25 желтоқсаны, сағат 14:00, Ақтау әуежайының ғимараты, 2 қабат, конференц-зал. Қатысу үшін ұйымдастырушыға 8(7292) 60-97-63, 60-97-41 телефондары арқылы хабарлау қажет. Тыңдаушылар тізімін алдын ала қалыптастыру мерзімі іс-шараға 24 сағат қалғанда аяқталады.

18 қыркүйек 2023 ж.

Әуежайдың Ұшу Қону Жолағы жөндеу уақытына арналған жарнамалық кестесі, әрекет ету кезеңіне назар аударыңыздар 23.09.2023ж.-23.10.2023ж.

Жарнамалық кестесі 23.09.2023 – 23.10.2023ж

14 тамыз 2023 ж.

«Электр қуатын тарату және бөлу» қызметіне тарифтің 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап өзгеруі туралы хабарлама

    «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 1 тамызындағы № 67-НҚ бұйрығымен бекітілген «Электр қуатын тарату және бөлу» қызметіне тарифтің қолданысқа енетінін хабарлайды. Тариф 1 кВт/сағ.-қа ҚҚС-сыз 1,90 теңгені құрайды.

7 тамыз 2023 ж.

Назар аударыңыз!

Багажда және қол жүгінде тасымалдауға тыйым салынған заттар мен нәрселердің жаңа тізбесі бекітілді.

1 тамыз 2023 ж.

«Суды таратушы желілері арқылы беру» қызметі тарифтерінің өзгеруі туралы хабарлама

    «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ 2023 жылдың 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 21 шілденің № 66-НҚ бұйрығымен бекітілген «Суды таратушы желілері арқылы беру» қызметінін тарифінін қолданысқа енеді хабарлайды, мөлшерлемесі бойынша:

  • басқа тұтынушылар 1 м3 – ҚҚС-сыз 264,12 теңге;
  • бюджеттік ұйымдар 1 м3 – ҚҚС-сыз 160,69 теңге.
17 наурыз 2023 ж.

Azimuth Airlines әуекомпаниясы Ақтауға Сочи мен Минеральные водыдан рейстерді бастайды!

    Azimuth Airlines 2023 жылдың 27 наурызында Минеральные водыдан Ақтауға рейстерді орындайтын болады. А45009/5010 Минеральные воды – Ақтау/Ақтау – Минеральные воды рейсі дүйсенбі және жұма күндері орындалады. А45009 Минеральные воды – Ақтау рейсіне әуе билеттерін 15 еуродан, A45010 Ақтау – Минеральные воды – комиссияларды есептемегенде 20 доллардан алуға болады.

    А4783/784 Сочи – Ақтау/Ақтау – Сочи рейсі 13 сәуірден бастап бейсенбі және сенбі күндері орындалады. Сочиден Ақтауға рейс бағасы 20 еуродан, Ақтаудан Сочиге қосымша төлемсіз – 25 доллардан басталады.

    Сіз Azimuth Airlines сайтында әуе билеттерін сатып алып, кестемен таныса аласыз.

22 ақпан 2023 ж.

ҚР ИИДМ 2023 жылғы 15 ақпандағы бұйрығымен Әуе көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, егер бекітілген талаптарға сәйкес келмесе, авиакомпания жүкті тасымалдауға қабылдаудан бас тарта алады, олар:

  • жүкті әкелу, әкету немесе транзиттеу тасымалдау жүзеге асырылатын аумаққа, аумағынан немесе аумағы арқылы сол елдің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
  • жүктің өлшемдері оның еркін тиелуін және түсірілуін, әуе кемелерінің багажы мен жүк бөлімдеріне орналастырылуын және бекітілуін қамтамасыз етеді;
  • тұрақты жолаушылар әуе кемелерiнде тасымалдау кезiнде жүктiң салмағы мен өлшемдерi авиакәсiпорынның шарттарында белгiленген шектен аспайды;
  • жүкке ілеспе құжаттар қоса тіркеледі;
  • жүк ұшаққа, адамдарға және мүлікке қауіп төндірмейді және өзінің қасиеттеріне байланысты жолаушыларға қолайсыздық тудырмайды;
  • Алушы  авиакомпаниядан  әуе  кемесі  межелі  жерге  келген, жүк  түсірілген және өңделген  сәттен  бастап  жүкті  және жүкқұжатты ресімдеуді талап етеді.  Жүкті  жеткізу әуе кемесі келген сәттен бастап 2 сағаттан (ішкі рейстерде) кешіктірілмей жүзеге асырылады. Халықаралық рейстерде барлық мемлекеттік уәкілетті органдардың (кедендік, шекаралық, ветеринарлық және т. б.) бекітілген рәсімдеріне сәйкес  жүргізіледі

Бұл ақпаратпен толығырақ мына бөлімде танысуға болады – Жолаушылар мен багажды авиатасымалдау ережелері

18 қаңтар 2023 ж.

ҚР ААК 2022 жылғы 17 қарашадағы № 65  бұйрығының негізінде ҚР ИИДМ 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171  бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 13 Тарауының 281 тармағы және 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №262 ішкі бұйрықтың негізінде  « Ақтау Халықаралық әуежайы» АҚ келесі реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша тарифтердің қолданысқа енгізілетіні туралы хабарлайды:

  • Қазақстан Республикасы әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған түрлері  үшін алты сағаттан астам  тұрақ орнын беру бойынша индекстеу деңгейі 26.01.2023 ж. бастап – 29 тг.
  • Қазақстан Республикасы әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын берубойынша индекстеу деңгейі 26.01.2023 ж. бастап – 136 тг.

Өзгерістер тарифтік сметада көрсетілген шығындардың, оның ішінде жыл сайын жалақыны индекстеу жүргізілетін еңбекақы шығындары, материалдық және басқа да шығындардың бағалары жыл сайын өсуіне, сондай-ақ салық мөлшерінің ұлғаюына байланысты қабылданды.

26 қараша 2022 ж.

Жария тыңдаулар өткізу туралы хабарлама

«АҚТАУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ» АҚ тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер деңгейін индекстеу деңгейіне өзгерту туралы  қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды:

  • қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған түрлері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру;
  • әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру.

Өткізілетін күні 2022 жылдың 26 желтоқсаны, сағат 14:00, Ақтау әуежайының ғимараты, 2 қабат, конференц-зал. Қатысу үшін ұйымдастырушыға 8(7292) 60-97-63, 60-97-41 телефондары арқылы хабарлау қажет. Тыңдаушылар тізімін алдын ала қалыптастыру мерзімі іс-шараға 24 сағат қалғанда аяқталады.

10 қаңтар 2022 ж.

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

Ақтау Халықаралық Әуежайы ұжымы елде орын алған қайғылы оқиға салдарынан қаза болған азаматтардың жанұяларына және жақындарына шын жүректен көңіл айтады!

31 мамыр 2021 ж.

Қазақстанның даму Банкіне 20 жыл!

Біздің серіктесіміз – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ды 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыс пен өркендеуді тілейміз. Экономиканы дамытуға қосқан үлесі және авиация саласындағы жобаларды қолдағаны үшін алғыс айтамыз. Біз Сізбен ынтымақтастыққа қуаныштымыз, соның арқасында Маңғыстау облысының Ақтау әуежайы әуе айлағы әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдау үшін заманауи жолаушылар терминалы мен әуеайлақ инфрақұрылымына ие болды. Ақтау әуежайын қайта құру жобасын сәтті жүзеге асырғаннан кейін, біз жолаушылар айналымы бойынша елімізде үшінші орынды иеленеміз.

Қазақстанның Даму Банкі алдына қойылған барлық мақсаттарына қол жеткізсін!

Мерей тойыңызбен!

4 мамыр 2021 ж.

Ақтау қаласының түрғындары мен қонақтарының назарына!

2021 жылдың 5 мамыры, сағат 18:00-ден бастап Ақтау – Әужай бағытындағы автомобиль жолы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша 2 ай мерзіміне жабылады.
Балама жол ретінде Ақтау – Форт-Шевченко жолы арқылы Сайын Шапағатов – Әуежай жолын пайдалануға кеңес береміз.

26 қараша 2019 ж.

Уведомление об изменении тарифов от 1ого декабря 2019 г.

АО «Международный аэропорт Актау» уведомляет об изменении тарифов по следующим услугам:

  • по услуге Предоставление места стоянки воздушному судну сверх трех часов после посадки для пассажирских и шести часов для грузовых и грузопассажирских сертифицированных типов воздушных судов при наличии грузов (почты), подлежащих обработке (погрузке и/или выгрузке) в аэропорту посадки, за исключением обслуживания авиаперевозок, осуществляющих транзитные пролеты через воздушное пространство РК с осуществлением технических посадок в аэропортах РК в некоммерческих целях и по международным направлениям в размере – 27 тенге / за тонну / за час (без НДС);
  • по услуге Предоставление места стоянки воздушному судну на базовом аэродроме, за исключением международных направлений в размере – 127 тенге / за тонну / за сутки (без НДС).

Тарифы утверждены Приказом Комитета гражданской авиации МИИР РК №445 от 26.11.2019г.

28 тамызда 2019 ж.

Ерекше жүк.

Ақтау халықаралық әуежайы әуе кемесінің бортында арнайы «жолаушылары» бар ерекше жүк жіберді.

     2019 жылдың 28 тамызында әуежай қызметкерлері түсірілімге қатысу үшін Грузияға ұшып бара жатырған 6 түйені жүктеп жіберді. Түсірілім аяқталғаннан кейін Маңғыстау түйелері хайуанаттар бағына келушілерді қуантады. 

    Жүктеу жануарларды әуе көлігімен тасымалдауға қойылатын барлық талаптарға сәйкес жүзеге асырылды. Жануарлар жүк терминалы аумағында да, әуе кемесінде де мүмкіндігінше ыңғайлы жағдайлармен қамтамасыз етілді. Рейс әдеттегідей орындалды, құнды жүк Грузия әуежайына уақытында келді.

    Бүгінгі таңда Ақтау әуежайы ұшу массасына шектеуі жоқ ұшақтың барлық түрлеріне қызмет көрсете алады.

12 наурызда 2018 ж.

Ақтау – Дубай жаңа бағытты ашу.

Облыстың тұрғындары мен қонақтарына тағы бір жаңа бағыт қолжетімді болмақ. 2018 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері Елшіліктерінің қолдауымен, Маңғыстау облысының және БАӘ кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес форумы өткізілді. Осы форумда Маңғыстау облысының Әкімдігімен және Flуdubai авиакомпаниясы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы көлік, экономикалық және туристік қатынаста маңызды кезеңі болатын, Ақтау – Дубай бағытында жаңа әуе қатынасын ашу болып табылады. Жаңа бағытта рейстердің ашылуы 2018 жылдың қазан айына жоспарланған.

     Ақтау әуежайы жолаушыларымызға жайлы жағдай жасау үшін ұшулар географиясын кеңейту жұмыстарын жалғастырады.

13 желтоқсан 2017 ж.

Құрметті жолаушылар!

Бүгін біз Сіздермен сегіз жыл жұмысымыздың нәтижесі бойынша, миллионшы жолаушымен кездесу қуанышымен бөлісеміз. Жолаушылар терминалы өзіне жүктелген міндеттердің жартысын игерді. Ақтау әуежайы, Алматы мен Астана әуежайларынан кейін қарқынды жүктеме бойынша үшінші хаб болып табылады.

     Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен жаңа рейстер ашылды және Азаматтық Авиация Комитеті тарапынан рұқсат берілген жағдайда, қосымша бағыттарға рейстер ашу жоспарымызда бар.

     Халыққа қызмет көрсетудің саны жағынан жоғары, Алматы мен Астана сияқты тарихи және аса маңызды әуежайлардан кейін, біздің жетістігіміз басқа өңірлермен салыстырғанда көптеген жолаушыларды қарсы алып, шығарып салудан тұрады. Бұл жетістік біздің облысымыздың беделін арттыруда және коммерциялық белсенділігін ұлғайтуда үлкен рөл атқарды.

     Бұдан басқа, ISAGO жер үстінде қызмет көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету стандарттарына және сапа менеджмент стандарттары жүйесіне сәйкес сертификаттарын алған бірінші әуежай болып табыламыз, біз осыны мақтан етеміз.

     Облыс Әкімдігіне, сондай-ақ әуежайлардың арасында Ақтау әуежайының осындай жоғары орынға ие болуы үшін, бар ынтасымен жұмыс істеген жас және серпінді қызметкерлерімізге алғысымды айтамын.

  Басқарма Төрағасы            Киледжи Селчук.

2016 жыл 23 қараша

QAZAQ AIR авиакомпаниясы жаңа бағыттарды ашады

Қысқы навигацияға көшу аясында QAZAQ AIR авиакомпаниясы Атыраудан Орал мен Ақтауға тұрақты рейстердің іске қосылғаны туралы қуана хабарлайды.

Авиакомпания 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Bombardier Q400 NextGen заманауи өңірлік ұшағында аптасына екі рет – жұма және жексенбі күндері әуе қатынасын жүзеге асыра бастайды.

Атырау – Орал бағыты бойынша ұшу ұзақтығы 50 минут, ұшу билетінің құны, әуежайлардың жолаушылар алымын қоса алғанда, бір жаққа 14 707 теңгеден басталады. Жолаушылар Атырау – Ақтау рейсімен әуежайлардың жолаушылар алымдарын қоса алғанда, бір жаққа 11 007 теңгеге ұша алады, ал бағыт бойынша ұшу ұзақтығы 40 минутты құрайды.

Орал Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы ғана емес, бүкіл өңірдің экономикалық жағынан тартымды қаласы болып табылады. QAZAQ AIR Орал жаңа рейстерінің арқасында Қазақстанның мұнай астанасы – Атырау қаласымен әуе қатынасы жақын маңдағы қалалардың тұрғындары үшін ғана емес, мұнай – газ саласында жұмыс істейтін мамандар үшін де тартымды бағыт болып табылады.

Тағы бір жаңа QAZAQ AIR бағыты Атырау мен Ақтау қалаларын байланыстырады, бұл Орал тұрғындарына Каспийдегі порт қаласына ыңғайлы әрі жылдам жетуге мүмкіндік береді. Осылайша, әуекомпанияның бірыңғай маршруттық желісіне Қазақстанның батысындағы барлық ірі қалалар біріктіріледі, ал Ақтау мен Орал тұрғындары Атырауға дейін ғана емес, сондай-ақ түйісу рейстерінің арқасында Ақтөбе мен Шымкентке саяхат жасауға мүмкіндік алады.

«Жаңа сұранысқа ие бағыттар мен аптаның қолайлы күндерін ұсына отырып, біз өңірдің барлық қалаларының тұрғындары жақын және бұдан былай бір – бірлерін жиі көретін болады деп үміттенеміз», – деп атап өтті « QAZAQ AIR» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Блэр Поллок.

Осылайша Атыраудан Орал мен Ақтауға жаңа рейстер авиакомпанияның қазіргі маршруттық желісін толықтырып, кеңейтеді. Естеріңізге сала кетейік, бүгін QAZAQ AIR Алматыдан Ақтөбе, Астана, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған және Шымкентке қалаларына ұшуларды орындайды.

QAZAQ AIR рейстеріне билеттерді брондау және сатып алуға flyqazaq.com немесе әуекомпанияның сату кеңсесіне +7 7273 561414 телефоны арқылы хабарласу арқылы болады.

QAZAQ AIRҚазақстанда аймақтық маршруттарға қызмет көрсету үшін құрылған, авиакомпания акцияларының 100% «СамұрықҚазына» АҚ – на тиесілі.

QAZAQ AIR флоты Қазақстанның авиакомпаниялары арасында ең жасы болып табылады және 76-78 отыратын орынға арналған Bombardier Q400NextGeneration заманауи үш турбовинтті лайнерден тұрады.

Bombardier Q400 NextGen – жолаушылар салонында шу мен дірілді басудың қазіргі белсенді жүйесімен, кең қадамды эргономикалық креслолармен, үлкен иллюминаторлармен, кең жүк сөрелерімен және жарқын жарықдиодты жарықтандырумен жабдықталған жаңа буын авиалайнері.

QAZAQ AIR авикомпаниясының баспасөз қызметі Email pr@flyqazaq.com

2016 жыл 18 қараша

Халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттырудағы көлік-транзиттік дәліздердің рөлі

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасындағы Түрікменстан консулдығының бастамасымен «Халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттырудағы көлік-транзиттік дәліздердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл іс-шара биылғы жылдың 26-27 қарашасында Ашхабадта өтетін Әлемдік тұрақты көлік жүйесін құру жөніндегі жаһандық конференцияға орайластырылды.

Шараға Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері, Ақтау халықаралық теңіз сауда порты, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы, Қазақстан темір жолы сияқты Қазақстанның ұлттық көлік компанияларының бірінші басшылары, Түрікмен ұлттық орталығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ – ның басшылығы әуе айлағының облыстағы рөлі және халықаралық әріптестік туралы баяндамасымен қатысты. 2016 жылдың 17 қыркүйегінде «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ-ның өкілдері Ашхабад қаласындағы жаңа халықаралық әуежайдың ашылуына қатысу құрметіне ие болды.

2016 жыл 09 қараша

Жер үсті қызметтерінің қауіпсіздік деңгейін растау.

2016 жылғы 05 қыркүйектен бастап 08 қыркүйекке дейін «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ-да ISAGO (IATA Safety Audit for Ground Operations) стандарттарына сәйкестігін қайта растау аудиті өтті. Бірінші аудит 2014 жылдың қараша айында өткізілді. «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ IATA Safety Audit for Ground Operations аудитінен сәтті өтіп, көрсетілетін қызметтердің ұлттық талаптарға ғана емес, жалпы қабылданған халықаралық авиациялық талаптарға сәйкестігін растайды. Бұл біздің компанияның барлық жеке құрамының еңбегі.

ISAGO – бұл әуежайдағы жердегі қызмет көрсету провайдерлері үшін стандартталған аудит бағдарламасы. Бұл бағдарлама жерүсті қызмет көрсетудің Дүниежүзілік танылған стандарттарына негізделеді. Тексеруді IATA сертификатталған аудиторлар жүргізеді. Ақтау әуежайында Аэрофлот авиакомпаниясының тәуелсіз аудиторлары аудит жүргізді.

ISAGO екі негізгі мақсаты:

  • Пайдалану қауіпсіздігін арттыру
  • Жердегі қызмет көрсету бойынша аудиттердің жалпы санын қысқарту

Аудит келесі қызмет түрлері бойынша жүргізілді:

  • ұйымдастыру және басқару (Organization and Management);
  • жүктеуді бақылау (Load Control);
  • жолаушыларға қызмет көрсету және багажды өңдеу (Passenger and Baggage Handling);
  • жүк және поштаны өңдеу (Cargo and Mail Handling);
  • әуе кемесіне қызмет көрсету және жүктеу (Aircraft Handling and Loading);
  • әуе кемелерінің жердегі қозғалысы және сүйрету (Aircraft Ground Movement) .
2016 жыл 07 сәуір

Маңғыстау жастары Ақтау халықаралық әуежайында Домбыра Party өткізді

Маңғыстауға ұшып келген қонақтар жергілікті жастардың тосын сыйынан таң – тамаша болды. Өнер колледжінің студенттері жол жүгін беру залында халық күйлерін ойнады. Жолаушылар жас маңғыстау таланттарын ықыласпен тыңдап, қошемет білдірді. Олардың ішінде белгілі қазақстандық әншілер Самсон Big Som Аракелян және Ринат Мальцагов болды. Маңғыстау Жастары Жастар орталығы қазақ халқының салт-дәстүрін және домбыра аспабын насихаттаумен белсенді айналысады. 10 домбырашы қазақтың белгілі күйлерін орындап, ұлттық аспапта ойнау дағдыларын көрсетті.

Источник:  mangystauonline.kz

16 наурыз 2016

Амал мерекесін Ақтау халықаралық әуежай ұжымы да атап өтті

Ақшаңқан үйлер тігіліп, түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Ұлттық нақышта безендірілген ақ боз үйде меймандарға арнап ақ дастархан жайылды. Қызметкерлер қазақтың ұлттық киімін киіп, бір бірімен көрісті.

Ерғазы Жолдасов – Ақтау халықаралық әуежайының директоры 

Бұл мереке батыс өңіріне тән болса да, күні кеше Астана қаласында тойлап өтті. Мереке баршаңызға құтты болсын, жыл жақсылығымен келсін. Амалдан амалға аман жетейік.

Ғазиза Шоланова – әуежай қызметкері 

14 наурыз Амал мерекесі Маңғыстауға ғана тән мереке. Сол үшін барлық әріптестерімді құттықтаймын. Жылдан жылға аман жетейік.

Источник:  mangystautv.kz

2015 жыл 05 қараша

«Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ-да «Қыс – 2015» Республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығуының басталуы туралы «азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында дабыл келіп түсті. Дабыл бойынша әуежайдың Азаматтық қорғанысының барлық құрылымдары көтерілді. Қысқы кезең жағдайында ТЖ салдарын шартты түрде жою үшін. 30 минут ішінде барлық құрылымдармен және қолда бар техникамен бірге әуежайдың жеке құрамы ТЖ салдарын жою үшін шартты белгіленген орында жиналды.

Жеке құрамның іс-әрекеттері басшылықпен уақытылы және дұрыс деп бағаланды. Өткізілген оқу – жаттығу азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын анықтауға мүмкіндік береді, оларды уақытында жою қысқы кезеңнің қауіпсіз өтуіне ықпал етеді.

2015 жыл 22 мамыр

Ақтау әуежайы ISAGO сертификатын алды

Ақтау халықаралық әуежайы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) аудиторларымен өткізілген жерүсті қызмет көрсету қауіпсіздігі бойынша аудитті (ISAGO) сәтті өтіп, әуежайда жерүсті қызмет көрсету рәсімдері әлемге танылған қауіпсіздіктің стандарттарына сәйкестігін растайтын сертификат алды.

7 ЖЕЛТОҚСАН

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КҮНІ

Құрметті әріптестер, қымбатты достар!

«Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ – ның ұжымы сіздерді Халықаралық азаматтық авиация күнімен құттықтайды!

1996 жылғы 6 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы 7 желтоқсанды Халықаралық азаматтық авиация күні (International Civil Aviation Day) деп жариялады және үкіметті, сондай-ақ тиісті ұлттық, өңірлік, халықаралық және үкіметаралық ұйымдарды оны атап өту үшін тиісті шаралар қабылдауға шақырды. Бүгінде авиация – бұл сенімді, ыңғайлы және көліктің ең жылдам түрі.

Бұл күні біз авиациямыздың игілігі үшін жұмыс жасайтын және жұмыс жасаған барлық адамдарға алғыс айтамыз. Сіздердің батылдықтарыныз, кәсіпқойлығыңыз және жанқиярлығыңыз үшін рахмет. Біз Қазақстанның авиация саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз және оларға ашық аспан, табысты жұмыс, бақыт, игілікке және жаңа биіктерге жетуді тілейміз.

2014 жыл 13 қараша

Бүгін, 2014 жылғы 13 қарашада, Ақтау халықаралық әуежайында әуе кемесінің бортында Эбола безгегіне күдікті науқас анықталған кезде, алғашқы эпидемияға қарсы оқу – жаттығулары өткізілді.

Оқу – жаттығуларға қатыстырылды:

1. Санитарлық буын + 2 – і арнайы көлік;

2. Авиациялық қауіпсіздік қызметі 10 қызметкер (қоршау), 2-і ЖІІБ қызметкері + арнайы көлік;

3. Тасымалдауды ұйымдастыру қызметі 10 қызметкер (байланысқан жолаушылар) + автобус;

4. ҰІАҚҚҚ тобы + арнайы көлік;

5. Кеден, шекара қызметтерінің, сэс, облыстық денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері.

Тартылған қызметкерлердің жалпы саны 65 адам = 6 бірлік техника.

1 october 2014 г.

The quality management system ” International Airport Aktau ” is accordance with ISO 9001: 2008 JSC “Aktau International Airport” announces the successful completion of the re-certification of quality management system in compliance  ISO 9001: 2008. The audit, which was held in August of this year, was conducted by the Australian international certification company «TQCS International».

The auditors «TQCS International» noted that the management of the JSC “Aktau International Airport” is built effectively, despite the fact that the system is very informal and focused on efficient customer service.

 During the audit, the auditors of  «TQCS International» recommend us to identify some new opportunities for the growth of quality in JSC “Aktau International Airport”. We have seen that we are working on right direction, so this great result is normal.

 Demonstration of compliance with the quality management system of “Aktau International Airport” has  an important step in the implementation of strategic plans to improve the quality of services and reinforce the status of an international airport, as one of the leaders in Kazakhstan in terms of passenger services and safety.

 The main strategic objectives (goals) of Aktau airport – to develop of an infrastructure, improving the quality, safety and efficiency of airport management. Currently, the airport of Aktau is the third biggest airport in Kazakhstan in terms of traffic, after the airport of Almaty and Astana. The airport serves Kazakh and foreign airlines that operating flights Domestic andInternational destinations.

 Currently, the airport conducts some marketing works to discovery of new routes in the butt airports in the world to develop the transit potential of the Mangistau region.

2014 жыл 6 наурыз

Хабарландыру: «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ- да сағат 07:00-де «КӨКТЕМ -2014» Республикалық оқу-жаттығуының басталғаны туралы дабыл келіп түсті және дабыл бойынша әуежайдың барлық азаматтық қорғаныс құрылымдары көтерілді. Техногендік сипаттағы ТЖ салдарын шартты жою үшін.

Сағат 07:30-да бірінші топ зардаптың салдарын жою үшін құрылды.

Сағат 09:30-да әуежайдың барлық жеке құрамы қолда бар техникамен шартты белгіленген жерде жиналды, және шартты түрде зардаптың салдарын жоюға кірісті. Жеке құрамның іс-әрекеті басшылықпен уақытылы және дұрыс деп бағаланды.

2011 жыл 15 қараша

Сапа менеджменті жүйесінің СТ РК ИСО 9001-2009 сертификаттары алынды. «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ-да сапа менеджмент жүйесіне аудит жүргізілді.

Әділдік, құзыреттілік және ашықтық қағидаттарына сәйкес «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» Акционерлік қоғамының менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның стандарттау, метрология және сертификаттау департаменті («Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ МЖСРО СМСД, ҚР, Астана қ., Әуезов к-сі, 28/1) құжаттамаларға талдау және менеджмент жүйесінің стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауын жүргізді. Аудит қорытындылары бойынша ұсынылған актіде және есепте сапа менеджменті жүйесінің стандарттар талаптарына сәйкестігі расталады.

Аудиттің барлық міндетті шарттарын орындау нәтижесінде «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ МЖСРО СМС Департаментімен Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінің 2011 жылғы 15 қарашада № KZ.7100318.07.03.06043 (ҚР СТ ИСО 9001-2009) және № KZ.7100318.07.03.06045 (ИСО 9001: 2008) мемлекеттік тізілімінде тіркелген сәйкестік сертификаттары берілді. Осы сертификаттар әуе кемелеріне жердегі және әуежайлық қызмет көрсетуге, жанар-жағармай материалдарымен, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жүкті, поштаны, багажды өңдеуге қатысты қолданылатын сапа менеджменті жүйесі ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа Менеджменті Жүйесі. Талаптар» және ISO 9001:2008 «Quality Management System-Requirements, IDT» (Жобалау мен әзірлеудің 7.3 тармағын қоспағанда) талаптарына сәйкес.

2011 жыл 07 қыркүйек

Хабарландыру: «Ақтау халықаралық әуежайы» Акционерлік қоғамы 2011 жылғы 06 қыркүйекте «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен 36 800 000 АҚШ доллары сомасына және 8 (сегіз) жыл мерзімге банктік қарыз шарты жасалғаны туралы хабарлайды.

2011 жыл 05 тамыз

Хабарландыру: «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 68 бабына сәйкес, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ-ы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-на 36 800 000 АҚШ доллары сомасына несие қаражатын қарызға алу бойынша алдағы ірі мәміле жасалғаны туралы хабарлайды.

Пайдалы ақпарат

Ауа райы

АҚТАУ Қазір

Ақпарат

Image Mangystau.travel - бұл Қазақстанда орналасқан Маңғыстау облысындағы саяхаттар мен демалыстарға арналған сайт. Сайт Mangystau.travel аймақ қонақтары үшін келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
1. Облыстың түрлі туристік көрікті жерлері туралы толық ақпарат;
2. Туристік маршруттар мен экскурсиялар туралы ақпарат;
3. Туроператорлар мен гидтер туралы ақпарат;
4. Маңғыстау облысы қонақтарының жайлы болуын қамтамасыз ету үшін тамақтану орындары мен орналастыру орындары туралы ақпарат;
5. Өңірдің туризм саласындағы іс-шаралар мен соңғы жаңалықтар туралы ақпарат;
6. Сайтта аймақ қонақтарына арналған кеңестер мен ұсыныстар бар бөлім қамтылған;
7. Қазақстанның Маңғыстау облысы бойынша виртуалды саяхат.

Жарнама

Image Ақтау халықаралық әуежайындағы жарнама туралы ақпарат

Жаңалықтар

Image
Ақтау халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда