CIP залы

СIP зал қызметтері


CIP  залында  жолаушыларға  эксклюзивті  қызмет  көрсетулер  мен тіркеу өту жүргізіледі  және  жайлы  CIP  залында  ішкі  немесе  халықаралық  рейстерге  алдын-ала/ кейін  ұшулардың  ресми  тіркеуін  өткізе  алады.

ҰШЫП  КЕЛУДЕ:

CIP  зал  өкілі  жолаушыларды ұшақ трапынан күтіп алады және жайлы CIP залына арнайы  бөлінген  көлікте  бірге  ілесіп апарады.  Жолаушылар паспорттық және кедендік бақылаудан өтеді (халықаралық ұшып келу) және әуежай қызметкерлері жүктерді жеткізіп бергенше жайлы CIP залда күтіп тұрады.

ҰШЫП  КЕТУДЕ:

CIP  залының  агенттері  жолаушыларды тіркейді, жолаушыларға кедендік және төлқұжаттық бақылаудан (халықаралық рейстерде) өтулерінде көмектеседі. Осыдан кейін жолаушылар сымсыз интернетпен, LED-дисплейі бар теледидарды және баспа өнімдерін қолдана отырып, жайлы  жағдайда демала  алады. Қонақтарға әуежай  кафе-барында ақылы түрде сусындар мен тіскебасардың кең ассортименті  ұсынылады. Отырғызуды  жариялаған  кезде, CIP  залының  агенттері  жолаушыларды  ұшақтың  трабына  арнайы  бөлінген  көлікте  бірге  ілесіп апарады.

CIP жолаушылары әрдайым ұшаққа отырғызуда және жүкті алуда басымдылықта болады.

CIP   залының  қызметтерін  қолма – қол  ақшамен  және  қолма-қол  ақшасыз  есеп  айырысу  арқылы,  жеке  тұлға   мен   заңды  тұлғаларда   пайдалануға  мүмкіндігі  бар.
Ақтау қаласының әуежайына  ұшып  келуге  ниет  білдіруші жолаушылар  CIP   залы  қызметтерін  алдын – ала  өтінімсіз  және  CIP   залының  кассасына  қызметке  төлем жасау арқылы   пайдалана  алады.

CIP   залының  қызметтері  келесідей  құнды  құрайды:

Ұшып келу   –    13 000 теңге / жолаушыдан
Ұшып шығу – 16 000 теңге / жолаушыдан
2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – тарифтың  50% 
Күтіп алушыларға/ шығарып салушыларға – 1000 теңге / адам басына

Қосымша  ақпарат  алу  және CIP  залының  қызметтеріне  тапсырыс  беру  үшін төмендегі  телефондарға   хабарласа  аласыз:

тел:    +7 (7292) 60-97-48 (тәулік бойы)
Факс: +7 (7292) 60-97-49
Моб.тел.: +7 700 28 40 861
WhatsApp

Пайдалы ақпарат

Ауа райы

АҚТАУ Қазір

Ақпарат

Image
Құрметті жолаушылар!

Әуежай жұмыскерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) ескертулер, ұсыныстар, шағымдар болған жағдайда төмендегі әдістердің бірін таңдау арқылы жолдауыңызды берулеріңіз болады:
• қолма-қол;
• «Қазпошта» АҚ және пошта байланысының басқа түрлері арқылы;
• «e-otinish» азаматтардың барлық жолданымдарын қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы (QR кодын қолдана отырып).

Жарнама

Image
Ақтау халықаралық әуежайындағы жарнама туралы ақпарат

Жаңалықтар

Image
Centrum Air компаниясы Ақтау – Нүкіс – Ташкент бағытында тұрақты әуе рейстерін орындайды

Centrum Air әуе компаниясы Ақтау – Нүкіс бағыты бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асырады. Ұшулар заманауи Airbus A320 ұшағымен аптасына екі рет – бейсенбі және сенбі күндері орындалады, бұл жолаушыларға жолда жайлылық пен сенімділікті қамтамасыз етеді.

Нүкіс арқылы ыңғайлы түйісулердің арқасында Ақтаудан ұшып шыққан жолаушылар Өзбекстанның қарқынды дамып келе жатқан орталығы — Ташкент қаласына сапарларын жалғастыра алады.

Бұл тұрақты әуе қатынасы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік байланысын нығайтып, Ақтау тұрғындарына іскерлік сапарлар, туризм және мәдени алмасу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.