Әуежай қызметтері

Әуежай қызметтері

Біз өз қызметтерімізді Қазақстан Республикасының Ақтау халықаралық әуежайында(UATE/SCO) ұсынуға қуаныштымыз. Біздің жоғары білікті командамыз сізге және сіздің экипажыңызға әрдайым көмек көрсетуге дайын.

Біздің супервайзерлер сізді кез келген уақытта қарсы алады: тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, барлық міндетті рәсімдерді ұйымдастырады және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді.

Біздің тәулік бойы жұмыс істейтін операциялық орталық ұшуға және қонуға рұқсат алуға көмек көрсетуге, әуежай слоттарын беруді қамтамасыз етуге дайын.

Біз ең қысқа мерзімде өзіміздің авиациялық отынмен қамтамасыз етеміз.

Біз сізге экипаждарды орналастыруға, әуежайдың жанында немесе қала орталығында ең жақсы қонақ үйді табуға және брондауға көмектесеміз.

Біз ең заманауи және қауіпсіз трансфермен қамтамасыз етеміз.

Борттық тамақтану цехы әуежай аумағында орналасқан. Сондай-ақ, қаладағы ең жақсы мейрамханалардан тағамға тапсырыс беруге болады.

Өкіл (супервайзер)қызметтерінің тізімі:

  1. Шекара және кеден қызметі органдарымен жұмыс және өзара іс-қимыл
  2. Навигация қызметтерімен жұмыс істеу және өзара іс-қимыл жасау (флайт-жоспарлар беру, метеосводка, экипаж үшін брифинг)
  3. ӘК түсіруді/тиеуді ұйымдастыру, жолаушыларды қарсы алу.
  4. Әуежайдың VIP / CIP залдары арқылы жолаушыларды қарсы алуды ұйымдастыру
  5. ӘК қызмет көрсетуді қамтамасыз ету (ЖЖМ құю, суды төгу/құю, ӘК жинау, жер үстіндегі  қуат көзі, ӘҰҚ  және т.б.)
  6. Трансфер және қонақ үй брондау
  7. Борттық тағамға тапсырыс беру
  8. Ақтау әуежайында ұшуға/қонуға және қызмет көрсетуге рұқсатты келісу, растау.
  9. Бухгалтерия бөлімімен жұмыс және өзара іс-қимыл.
  10. Толық ұшу құжаттамасы (жиынтық-тиеу ведомосы, жолаушылар және жүк манифесті, экипажға арналған құжаттарды басып шығару (Бас декларация, метео мәлімет, брифинг, отын ордері)..
  11. ӘК  күзетін  ұйымдастыру.

Пайдалы ақпарат

Ауа райы

АҚТАУ Қазір

Ақпарат

Image
Құрметті жолаушылар!

Әуежай жұмыскерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) ескертулер, ұсыныстар, шағымдар болған жағдайда төмендегі әдістердің бірін таңдау арқылы жолдауыңызды берулеріңіз болады:
• қолма-қол;
• «Қазпошта» АҚ және пошта байланысының басқа түрлері арқылы;
• «e-otinish» азаматтардың барлық жолданымдарын қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы (QR кодын қолдана отырып).

Жарнама

Image
Ақтау халықаралық әуежайындағы жарнама туралы ақпарат

Жаңалықтар

Image
Centrum Air компаниясы Ақтау – Нүкіс – Ташкент бағытында тұрақты әуе рейстерін орындайды

Centrum Air әуе компаниясы Ақтау – Нүкіс бағыты бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асырады. Ұшулар заманауи Airbus A320 ұшағымен аптасына екі рет – бейсенбі және сенбі күндері орындалады, бұл жолаушыларға жолда жайлылық пен сенімділікті қамтамасыз етеді.

Нүкіс арқылы ыңғайлы түйісулердің арқасында Ақтаудан ұшып шыққан жолаушылар Өзбекстанның қарқынды дамып келе жатқан орталығы — Ташкент қаласына сапарларын жалғастыра алады.

Бұл тұрақты әуе қатынасы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік байланысын нығайтып, Ақтау тұрғындарына іскерлік сапарлар, туризм және мәдени алмасу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.