Жүктерді жөнелту және алу ережесі

Жүктерді жөнелту және алу ережесі


«Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ  жүк  терминалының  қызметтері

Коммерциялық қойма багажды, жүкті, поштаны қабылдауды және беруді, сондай-ақ жүк алушыларға жүктің келгені туралы хабарлауды жүзеге асырады.

Байланыс телефоны: +7 (7292) 609670

 

Уақытша сақтау қоймасы (УСҚ) Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес кедендік жүктерді өңдеуді, сондай-ақ жүк алушыларға жүктің келгені туралы хабарлауды жүзеге асырады.

Байланыс телефоны: +7 (7292) 609665

 

Жүк терминалы басшысының байланыс телефоны: +7 (7292) 609640


ҚҰРМЕТТІ  КЕЛУШІЛЕР!

Даулы жағдайлар туындаған кезде,  келесі  телефондар арқылы  хабарласуыңызды сұраймыз:

+ 7 (7292) 609610 күзет бастығы;

+7 (7292) 609777, ұялы тел: + 7 701 8012836 әуежайдың ауысым басшысы;

Шағымдар мен ұсыныстар кітабы әуежайдың анықтама бюросында орналасқан.


ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген

Әуежай аумағындағы өткізу режимінің қағидалары (үзінді)

Тұлғалардың  әуежай аумағына және оның объектілеріне, қызметтік үй-жайларға өтуі (жол жүруі), сондай-ақ кәсіпорынның жүктері мен материалдық құндылықтарын және басқа мекемелер мен ұйымдардың тасымалданатын жүктерін шығару (әкету), енгізу (әкелу) тек бақылау – өткізу пункттері (бұдан әрі-БӨП) арқылы, белгіленген үлгідегі рұқсаттамалар бойынша жүргізіледі.

         8. Өрт және басқа да төтенше жағдайлар мен оқиғалар болған жағдайда, кәсіпорын аумағындағы жеке тұрған объектілерге жол жүру  үшін қосалқы БӨП болуы керек, олар жабық және мөрленген болуы керек.

         Оларды ұстау және пайдалану жауапкершілігі АҚҚ басшылығына жүктеледі.

         9. Режимді күшейту мақсатында әуежай аумағы режимдік аймақтарға бөлінген:

         1 – әуежай нысандары,

         2 – жанар-жағармай материалдары қызметінің объектілері,

         3 – әуе кемесі, инженерлік – авиациялық қызметі (ИАҚ),

         4 – тасымалдауды ұйымдастыру қызметі (бұдан әрі – ТҰҚ).

          Халықаралық  рейстерге  қызмет көрсету кезінде қосымша аймақтар енгізіледі:

         А – шекаралық бақылау сызығына дейін жолаушылар өткізетін тауарларды, авиациялық қауіпсіздік және  кедендік ресімдеу қызметінің аймағы,

         В – Қазақстан Республикасына кіру және шығу құқығына құжаттарды тексеру, шекаралық  бақылау аймағы,

         С –  бортқа  кіру  құқығымен  әуе  кемесін  ресімдеу,  шекаралық бақылау аймағы,

         Д – әуе  кемесін бортқа кіру құқығынсыз (тұрақта) ресімдеу, шекаралық бақылау аймағы,

         Е – кедендік бақылаудағы, тауарларды уақытша сақтау орындары, оның ішінде уақытша сақтау қоймалары (УСҚ), 

         10. Режимдік аймақтарға сәйкес әуежай, шекара және кеден органдарының басшылығы  өткізу  және  объектішілік режимді бақылайды.

         11. Рұқсаттамаларды беруді шекара, кеден органдарымен келісім бойынша әуежай әкімшілігі  жүзеге  асырады.

         12. Жұмыскерлерді әуе кемелерінің тұрағына жіберуге тек әуе кемелердің ұшу (ұшып шығу) технологиясы мен кестесіне сәйкес жұмыс жүргізу уақытында ғана рұқсат етіледі.

Тұлғалардың  әуежай  аумағына өтуі (жол жүруі)

1. Әуежайдың, кеден бекеттерінің, авиакомпаниялардың барлық жұмыскерлері, прокуратура қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қызметкерлерінің және аумаққа қызметтік істер бойынша келетін басқа ұйымдардың адамдарының өткізу және объектішілік режимді міндетті түрде орындауы.

2. Тұлғалардың әуежай аумағына және оның объектілеріне, қызметтік үй-жайларға өтуі (жол жүруі), сондай – ақ кәсіпорынның жүктері мен материалдық құндылықтарын және басқа  мекемелер  мен ұйымдардың тасымалданатын жүктерін шығару (әкету), енгізу (әкелу) тек бақылау-өткізу пункттері (бұдан әрі-БӨП) арқылы, белгіленген үлгідегі рұқсаттамалар бойынша жүргізіледі.

3. Жеке  басын  куәландыратын құжат  болып табылады:

– ҚР азаматының паспорты;

– ҚР азаматының жеке куәлігі;

– ҚР тұру ықтиярхаттың куәлігі;

– ҚР прокуратура қызметкерінің қызметтік куәлігі;

– ҚР кеден қызметкерінің қызметтік куәлігі;

– ҚР ҰҚК қызметкерінің қызметтік куәлігі;

– ҚР ІІМ қызметкерінің қызметтік куәлігі;

– ҚР КжәнеКМ қызметкерлерінің қызметтік куәлігі;

– ҚР Президент аппараты қызметкерлерінің қызметтік куәлігі;

– ҚР Сенат қызметкерінің қызметтік куәлігі;

– ҚР Мәслихат қызметкерінің қызметтік куәлігі;

– ҚР Үкімет қызметкерінің қызметтік куәлігі;

– ҚР ҚМ әскери қызметшілерінің куәлігі.

Автокөлікке  рұқсат  беру

1. Жүкті  алу  немесе  өзге  де  материалдық  құндылықтарды (УСҚ, коммерциялық қойма және т. б.) әкелу/әкету үшін әуежай аумағына бөгде ұйымдардың автокөлігін жіберу көрсетілген дәлелді хат-өтінімдер негізінде берілген белгіленген үлгідегі автокөлікке рұқсаттама бойынша жүзеге асырылады, мыналарды көрсету кажет:

– әуежайдың режимдік аймағында болу мақсаты;

– әуежайдың режимдік аймағында болу мерзімі,

– жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;

– автокөліктің маркасы мен мемлекеттік нөмірі;

– автокөлікпен бірге жүретін адамның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері.

2. Өтінім-хат авиациялық қауіпсіздік қызметі басшылығының атына жасалады –

«Ақтау  халықаралық  әуежайы» АҚ

Басқарма Төрағасы

С. Киледжиге

немесе

«Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ

АҚҚ басшысы

К.В.Алферовқа

3. Автокөлікке көлік рұқсаттамасын алу үшін жеке басын куәландыратын құжат және өтінім-хатқа сәйкес көлік құралының төленгені туралы ордер ұсынылады.

Рұқсаттама түрлері және олардың мақсаты

– тұрақты,

– уақытша,

– бір жолғы,

– көлік,

– материалдық.

Барлық  рұқсаттамалар  құқық беретін, қызметтік құжаттар болып табылады:

1) өз ауысымының жұмысы кезінде әуежайдың шекаралық, кедендік және бақыланатын аймақтарынан өтуге және онда болуға;

2) Материалдық құндылықтарды әкетуге (шығаруға);

3) көлік пен механикаландыру құралдарының әуежайдың шекаралық, кедендік және бақыланатын аймақтарына кіруіне (шығуына) және онда болуына.

Рұқсаттамаларды беру туралы шешім қабылданған кезде, тиісті қызметкерлер тұлғаның осындай рұқсаттаманы беру туралы өтініш негізділігін тексереді. Бұл ретте лауазымы немесе атқаратын қызметі  шешім қабылдау критерийі ретінде  бола алмайды.  Негізгі критерий,  тұлғаның  кіру шектелген күзетілетін аймақтарға қаншалықты жиі өтуі,  немесе осы тұлға орындайтын арнайы функциялар болып табылады.

 

Бір жолғы рұқсаттамалар

Біржолғы рұқсаттамалар тұлғаларға бақыланатын аймақтар мен объектілерге уақытша бару үшін, бір тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

Біржолғы рұқсаттамалар тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша кедендік және шекаралық бақылау аймақтарына бару қажет болған кезде АҚҚ басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның рұқсаты бойынша беріледі және рұқсаттаманы беруге арналған өтінімде бару мақсаты мен объектілерінің негізділігін көрсете отырып, бақыланатын аймаққа рұқсаты бар адамның, АҚҚ инспекторының, кеден және шекара органдары өкілдерінің еріп жүруімен ғана өтуге құқық береді;

Рұқсаттама алған тұлғалар жұмыстан босатылған, ауысқан кезде және әуежай рұқсаттамаларының қолданылу мерзімі аяқталған кезде оның сақталуын және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді.

Коммерциялық қоймадан жүкті алу

1) Коммерциялық қоймадан жүкті алу үшін, жүкті алуға сенімхат ұсыну қажет, ол жеке басын куәландыратын құжатты  көрсеткен кезде қолданылады;

2) БӨП инспекторы коммерциялық қойманың диспетчеріне  жүктің бар екеніне көз жеткізу үшін, қоңырау шалуға міндетті. Осыдан кейін ғана ол бір жолғы рұқсаттама береді;

3) 2011 жылғы 26.09-тегі  № 264/Д бұйрыққа сәйкес коммерциялық қоймадан жүктерді беру әуе кемесі Ақтау қаласының әуежайына келген уақыттан бастап 3 (үш) сағаттан кейін жүргізіледі;

4) Жүкті әкету (шығару) жүкқұжат пен өтінім-хатқа сәйкес жүзеге асырылады, онда әкетілетін жүктің атауы, орын саны, жүк әкетілетін автомашинаның нөмірі мен сериясы көрсетіледі;

5) Автокөліктің кіруі – рұқсаттама бюросына тіркеу, ресімдеу, автокөліктің кіруіне ақы төлеуді жазу, БӨП-ке біржолғы рұқсаттама беру;

6) 2010 жылғы 12.03-дағы № 49/Д бұйрығымен бекітілген тарифке сәйкес, автокөліктің коммерциялық  қоймаға  және УСҚ-ға  кіргені үшін  ақы  төлеу  жүргізіледі.

Бұл мазмұн тек авторланған пайдаланушылар үшін. Жүйеге кіріңіз.

Пайдалы ақпарат

Ауа райы

АҚТАУ Қазір

Ақпарат

Image Mangystau.travel - бұл Қазақстанда орналасқан Маңғыстау облысындағы саяхаттар мен демалыстарға арналған сайт. Сайт Mangystau.travel аймақ қонақтары үшін келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
1. Облыстың түрлі туристік көрікті жерлері туралы толық ақпарат;
2. Туристік маршруттар мен экскурсиялар туралы ақпарат;
3. Туроператорлар мен гидтер туралы ақпарат;
4. Маңғыстау облысы қонақтарының жайлы болуын қамтамасыз ету үшін тамақтану орындары мен орналастыру орындары туралы ақпарат;
5. Өңірдің туризм саласындағы іс-шаралар мен соңғы жаңалықтар туралы ақпарат;
6. Сайтта аймақ қонақтарына арналған кеңестер мен ұсыныстар бар бөлім қамтылған;
7. Қазақстанның Маңғыстау облысы бойынша виртуалды саяхат.

Жарнама

Image Ақтау халықаралық әуежайындағы жарнама туралы ақпарат

Жаңалықтар

Image
Ақтау халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда