Электр қуаты

Электр қуаты


Тұтынушыларды электр желілеріне қосу жөніндегі нұсқаулық

Тұтынушыларды «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ (бұдан әрі – энергия беруші ұйым) электр желілеріне қосу: Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VI Заңымен; Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңымен; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен бекітілген «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (Тауарларға, жұмыстарға) тең қол жеткізуді ұсыну қағидаларымен», және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясын пайдалану қағидаларымен»  реттеледі.

 

 

1. Техникалық шарттарды алу

Электрмен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды алу мынадай кезеңдерден тұрады:

1) техникалық шарттарды беруге өтініш беру;

2) тұтынушының деректерінің толықтығына өтінішті және қоса берілетін құжаттарды; тексеру;

3) өтінішті қарау;

4) техникалық шарттар беру;

Техникалық шарттарды алу үшін тұтынушы энергия беруші ұйымға жазбаша өтініш жібереді. Өтініштің нысанын және өтінішке қоса берілетін құжаттар тізбесін табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілейді (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша).

Тұтынушының өтінішінде техникалық шарттарды беру үшін қажетті толық деректер көрсетілуі тиіс:

1) жеке тұлғаның тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілгендей) немесе заңды тұлғаның атауы;

2) тұтынушының мекенжайы, телефоны;

3) тұтынушының факсы және электрондық поштасы;

4) қосылатын объектінің (қолданыстағы, реконструкцияланатын) толық атауы; ;

5) объектінің мекенжайы, орналасқан жері, қосу орны;

6) Техникалық шарттарды беру қажеттігі (қажеттісін белгілеу): уақытша электрмен жабдықтауға (құрылыс кезеңінде), тұрақты негіздегі электрмен жабдықтауға);

7) өтінім берілген қуат (килоВатт);

8) кернеу деңгейі (қосылатын қондырғының номиналды кернеуі, килоВольт);

9) электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты (қажеттісін белгілеу): (1, 2, 3);

10) қосалқы тұтынушылардың және олардың электр қондырғылары сипаттамаларының тізбесі (болған кезде)

Өтінішке қоса беріледі:

1) жеке тұлғалар үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаның көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;

2) объектінің жергілікті жерде орналасуымен ситуациялық жоспар (дербес орындалады, Яндекс-карталарда немесе Google карталарында көрсетіледі).

3) өздігімен немесе сараптама ұйымын жұмылдыру арқылы орындалған өтінім берілетін электрлік қуатты есептеу-негіздемесі;

4) электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;

5) Электр қондырғыларының есептік қуаты 5 МВт және одан жоғары тұтынушылар өтінімге жобалау қызмет түрімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйым әзірлеген тұтынушыны электрмен сырттай жабдықтау схемасын қоса ұсынады. Тұтынушыны электрмен сырттай жабдықтау схемасы электр желілеріне жалғану жоспарланатын энергия беруші және/немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.

Өтінішті қабылдау және оны қарау нәтижесін беру «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Өтінішті кеңседе тіркеу қоса берілетін құжаттардың толықтығы тексерілгеннен кейін барлық деректер болған кезде орындалады.

Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда өтініш екі жұмыс күні ішінде тұтынушыға қайтарылады.

Тіркелген өтініш бес жұмыс күні ішінде қаралады, оның қорытындысы бойынша энергия беруші ұйым:

1) техникалық шарттарды береді;

2) дәлелді негіздемені қоса бере отырып, техникалық шарттарды беруден бас тартады.

Техникалық шарттарды беруден бас тартуға мынадай жағдайларда жол беріледі:

1) бос және қолжетімді қуаттардың, қосу орындарының, желілердің өткізу қабілетінің болмауы;

2) желілердің немесе электр энергиясын беру үшін қажетті өзге де мүліктің болмауы; ;

3) желі жұмысының сенімділігінің жол берілмейтін төмендеуі.

Электр қондырғылары тұтынушылардың электр желілеріне қосылатын қосалқы тұтынушылар техникалық шарттарды тұтынушылардан алады және тұтынушыға техникалық шарттарды берген энергия беруші ұйыммен келіседі. Техникалық шарттарды олардың қолданылу мерзімдерін көрсете отырып дайындауды ҰЭЖТҚ қызметі орындайды.

2. Техникалық шарттарды орындау

Тұтынушылардың барлық қайта қосылатын және қайта жаңғыртылатын электр қондырғылары жобалық және техникалық қабылдау-тапсыру құжаттамасына сәйкес орындалады.

Электр берудің кабельдік және әуе желілерінің өту трассалары және электр желілерінің күзет аймақтары тиісті мемлекеттік жер қатынастары бөлімдерімен, басқа да мүдделі тұлғалармен және ұйымдармен, аралас учаскелердің иелерімен келісіледі.

Электр қондырғылары пайдалануға берілгенге дейін қабылдау-тапсыру сынақтарынан өтеді және тұтынушы құрылыс-монтаждау ұйымынан акт бойынша қабылдайды.

3. Электр желілеріне қосылу

Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін тұтынушы энергия беруші ұйымға жұмыстардың аяқталғаны және электр желілеріне қосылуға дайын екендігі туралы жазбаша хабарлайды. Өтінішке тұтынушының тиісті біліктіліктегі электр техникалық персоналының және электр қондырғыларының сенімді, қауіпсіз жұмысына жауапты адамның болуын растайтын құжат не тұрмыстық тұтынушыларды қоспағанда, қолданыстағы электр қондырғыларында жұмыс істеуге рұқсаты бар персоналы бар ұйыммен электр қондырғысына қызмет көрсетуге арналған шарт қоса беріледі. Өтініш энергия беруші ұйымның кеңсесінде қабылданады және тіркеледі.

Энергия беруші ұйым ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған жұмыстарды тексеруді жүзеге асырады.

Тұтынушылардың электр қондырғыларында монтаждауда кемшіліктер, берілген техникалық шарттардан, жобалау құжаттамасынан және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарынан ауытқулар анықталған кезде электр қондырғыларын пайдалануға жол берілмейді.

Барлық анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін тұтынушы жұмыстардың аяқталғаны және электр желілеріне қосылуға дайын екендігі туралы қайта хабарлайды.

Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті ұсыну электр энергиясын беруге арналған шарт жасалғаннан кейін жүзеге асырылады.

1 – қосымша – Электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беру туралы өтініш нысаны

Тұтынушы:

__________________________

Тегі, Аты, Әкесінің аты

(егер ол құжатта көрсетілсе,

куәландыратын құжатта бар болса)

жеке тұлғаның немесе

заңды тұлғаның атауы

Тұтынушының мекен-жайы, телефоны,

факс және электрондық пошта:

__________________________

__________________________

(қолы)

Электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беру туралы өтініш

Объектінің толық атауы (қолданыстағы, қайта құрылатын) және оның мекенжайы, орналасқан жері, қосу орны) _______________________________________________________________________________________________________________________________

Техникалық шарттарды беру қажеттігі (қажеттісін белгілеу): уақытша электрмен жабдықтауға (құрылыс кезеңінде), тұрақты негіздегі электрмен жабдықтауға):

Өтінім берілген қуат:____________ килоВатт.

Кернеу деңгейі (қосылатын қондырғының номиналды кернеуі) _____________ килоВольт.

Электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты (қажеттісін белгілеу): (1, 2, 3);

Қосалқы тұтынушылардың және олардың электр қондырғылары сипаттамаларының тізбесі (болған кезде):__________________________________________________________________________________________________________

Өтінімге төмендегі құжаттар қоса ұсынылады:

1) жеке тұлғалар үшін – объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаның көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;

2) ситуациялық жоспар; объектінің жергілікті жерде орналасуымен (дербес орындалады, Яндекс-карталарда немесе Google карталарында көрсетіледі).

3) өздігімен немесе сараптама ұйымын жұмылдыру арқылы орындалған өтінім берілетін электрлік қуатты есептеу-негіздемесі;

4) электрмен жабдықтау объектісіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;

5) электр қондырғыларының есептік қуаты 5 мВт және одан жоғары тұтынушылар өтінімге жобалық қызмет түрімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалық ұйым әзірлеген тұтынушыны электрмен сырттай жабдықтау схемасын қоса ұсынады. Тұтынушыны электрмен сырттай жабдықтау схемасы электрлік желілеріне жалғану жоспарланатын энергия беруші және/немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.

Бұл мазмұн тек авторланған пайдаланушылар үшін. Жүйеге кіріңіз.

Пайдалы ақпарат

Ауа райы

АҚТАУ Қазір

Ақпарат

Image Mangystau.travel - бұл Қазақстанда орналасқан Маңғыстау облысындағы саяхаттар мен демалыстарға арналған сайт. Сайт Mangystau.travel аймақ қонақтары үшін келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
1. Облыстың түрлі туристік көрікті жерлері туралы толық ақпарат;
2. Туристік маршруттар мен экскурсиялар туралы ақпарат;
3. Туроператорлар мен гидтер туралы ақпарат;
4. Маңғыстау облысы қонақтарының жайлы болуын қамтамасыз ету үшін тамақтану орындары мен орналастыру орындары туралы ақпарат;
5. Өңірдің туризм саласындағы іс-шаралар мен соңғы жаңалықтар туралы ақпарат;
6. Сайтта аймақ қонақтарына арналған кеңестер мен ұсыныстар бар бөлім қамтылған;
7. Қазақстанның Маңғыстау облысы бойынша виртуалды саяхат.

Жарнама

Image Ақтау халықаралық әуежайындағы жарнама туралы ақпарат

Жаңалықтар

Image
Ақтау халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда