ауа райы

Жолаушылар терминалы

 

ЖОЛАУШЫЛАР   ТЕРМИНАЛЫ

Жолаушылар терминалының қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін, қазіргі заманғы құралдармен, қауіпсіздік пен күзетті қоса алғанда, жаңа электронды және электромеханикалық жүйелермен, оның ішінде: телескопиялық  жолаушылар көпірлерімен, электронды тіркей бағанымен, HVAC- салқындату мен жылыту жүйесімен, FIDS - электронды таблода ұшулар туралы хабарлау жүйесімен, X- RAY- ренгенді сканерлермен,  CCTV- бейнебақылау  жүйесімен, лифттер  мен эскалаторлармен  жабдықталған.

  • Өткізу  қабілетілігі   -     сағатына  450  жолаушы
  • Авто тұрақ      -  228  орынға
  • VIP  залы
  • CIP  залы
  • Конференциясы залы
  • Медициналық  Пункт
  • Жүк  сақтау камерасы

Терминал қызметтері:

  • DUTY FREE
  • Такси  қызметі
  • Кафе-барлар
  • Дүкендер
  • Авиакомпания кеңселері мен турагенстволар

 

Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

 

Осы мүмкіндікті пайдала отырып, Сіздермен сәлемдесуге және Сіздерге мәлімет беруге рұқсат етіңіздер, біз әрқашан Сіздерді көруге қуаныштымыз және Сіздердің сапарларыңыздың межелі нүктесіне дейін кедергісіз жету үшін, барлық күш - жігерді жұмсаймыз. Сіздермен осы хат арқылы әуежай, жолаушылар терминалы және көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтермен бөлісуге рұқсат етіңіздер. 


1.  Саяхатты жоспарлау кезінде қаперге алыңыз.

Әуе билетті сатып алған кезде, жолаушы авиакомпаниямен келісім - шарт жасайды, яғни авиакомпанияның шарттары және ережелерімен (тоғысу уақытымен, жолаушыларды, багажды соңғы пунктке дейін жеткізуді қамтамасыз етумен және т.б.) келіседі.

Транзиттік жолаушы – әуе тасымалының шартына сәйкес аралық әуежайда аялдайтын, соңғы келу пунктіне дейін тасымалданатын жолаушы. Бұл ретте, егер жолаушы халықаралық бағыт бойынша келетін немесе кететін болса, шекаралық бақылаудан және кедендік рәсімдеуден өту процедурасын, ол соңғы пунктте өтеді. Транзиттік жолаушы аралық әуежайда әуе кемеден стерильді аймағына жіберіледі, шекаралық және кедендік бақылауды ресімдемей – ақ, одан әрі әуе кемеге отырғызылады.  

Халықаралық рейстің жолаушылары Ақтау әуежайында паспорт пен кедендік ресімдеу процедурасын (кедендік бақылауды кедендік одаққа кіретін елдерден келген жолаушылар өтпейді), ұшып шығуға да, ұшып келу үшін де өтетіндігіне байланысты, жолаушылар транзитті болып табылмайды, олар үшін тасымалдау аяқталды. Бұдан әрі жолаушылар авиакомпанияның ережелеріне сәйкес жалпы негіздемеде, жаңа рейсті орындайды. Ұшуға дейінгі тексеру процедурасынан кейін ең аз тоғысу кезінде, жолаушылар күту залына барады, ол жерде отырғызу орындары жеткілікті, ұшаққа отырғызуды шақырғанға дейін жолаушыларды орналастыруға арналған қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктер бар.

Авиакомпания жолаушыға рейстердің ұшып келу уақыты және ұшып кету уақыты, тоғысу рейсін күту уақытының мүмкіндігі туралы, алдыңғы рейсті жалғастырмайтын, тоғысу рейсіне рәсімдеу басталғанға дейін, жолаушы бос уақытын қалай өткізуді жоспарлай алуы туралы толық ақпарат беруі тиіс екенін естеріңізге саламыз. Осыған байланысты жолаушы ұшып кетуге дейін 2 сағат бұрын (немесе авиакомпанияның ережесіне сәйкес бекітілген уақытта) жолаушыларды ресімдеу аймағына келуі тиіс. 

Ақтау әуежайының жолаушылар терминалы жолаушылардың ұшып шығуы мен ұшып кетуіне жылдам, қолайлы қызмет көрсету үшін жобаланған. Біздің міндетіміз - барынша қысқа мерзімде жолаушы әуе кемеге отырмас бұрын барлық рәсімді өтуін немесе қалаға шығуды қамтамасыз етілуін жасау, бұл сапалы қызмет көрсетудің көрсеткіші болып табылады. Терминал залдары ұзақ уақыт бойы уақыт өткізуге арналмаған. Жолаушылар осы мақсатта қонақ үй, кафе, CIPзалы, такси қызметтері мен багажды сақтау қамерасын пайдалана алады және қалада уақыт өткізе алады. Біздің қызметкерлер Сізге әуежайдың және біздің серіктестеріміздің қосымша қызметттері туралы ақпаратты ұсынуда жан-жақты көмек көрсетеді. 


2.  Жолаушылар үшін Ақтау әуежайы келесі қызметтерді пайдалануды ұсынады:

* Анықтама бюросы.

* Ұшып шығу, ұшып келу ақпараттық таблосы.

* Кафе.

* Сақтау камерасы.

* Багажды және қол жүгін тасымалдауға арналған арбалар (басқа жолаушылар осы қызметті пайдалану үшін, арбаны өз орындарына апарған жағдайда, қызмет түрі төлемсіз ұсынылады).

* Медпункт.

* Жүкті қаптау.

* Әуебилеттерді сату кассалары.

* Дүкендер, Duty Free, кәдесыйлар, және т. б.

* Автотұрақ.

* Газеттер, және журналдар дүңгіршектері.

* Қазпошта

* Банкоматтар

* WI-FI


3.  Ең кішкентай жолаушыларға қызмет көрсету.

 Ана мен балаға арналған бөлмемен 7 жасқа толмаған балалары бар, жолаушылар ғана пайдалана алады. Бұл бөлменің нысаналы мақсаты баланы емізу, баланың қайта киімін ауыстыру немесе баланы қайта бөлеу үшін, қысқа мерзімде пайдалану болып табылады. Осы бөлменің қызметіне өз кезегін күтіп тұрған басқа жолаушыларда мұқтаж екеніне түсінікпен қарағаныңыз үшін, біз қуаныштымыз. Жолаушылардың назарына тағы бір рет еске салғымыз келеді, Ана мен балаға арналған бөлме ана - аналар үшін демалыс бөлмесі болып табылмайды.


4.  Тек қана өзара қарым – қатынас арқылы жағымды пікір қалыптасады.

 Жолаушылардың талаптарын қанағаттандыру мақсатында біздер келіп түскен шағымдарды үнемі талдаймыз және қызмет көрсету сапасын арттыру үшін оларды біздің серіктестерге және тиісінші департаменттерге жібереміз. Біздің жұмыс туралы Сіздердің оң пікірлерің үшін алғыс айтамыз және кез келген келіп түскен сынға жауап беруге тырысамыз. Біз сондай – ақ, бізге және болашақ жолаушыларға естелік ретінде (суретте көрсетілген ретсіздікті) тастаған жолаушы емес екеніңізге, алғысымызды білдіреміз:

123


Біздің ұсынатын қызметтерді жетілдіру бойынша ұсыныстарыңызды әрдайым қабылдауға қуаныштымыз және Сіздердің түсіністік танытқаныңызға ризамыз. Келесі кездескенше.