ауа райы

Компания туралы

«Ақтау халықаралық әуежайы» Акционерлік қоғамы 1996 жылғы қараша айында құрылды.  Әуежай 1983 жылдан бастап жұмысын іске асыруда және азаматтық авиацияда пайдаланылатын барлық әуе кемелердің түгелдей дерлiк түрлерiн қабылдау мен ұшыру үшін жабдықталған. Әуежай  Ил-76, АН-124 «Руслан» ауыр  жүк  тиейтін  әуе кемелер түрлерін  қабылдайды.

Каспийаралық өңірдегі мұнай саласының қарқынды дамуы жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуды, мұнайшыларға қажетті жабдықтарды тез жеткізу үшін, өз кезегінде жаңа жолаушылар терминал құрылысын салу мен әуежайды  қайта  жаңғырту қабілеттілігін туғызды. «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ-ның өмірінде  жаңа  кезең  2007 жылғы желтоқсан  айында басталды. «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ -ның 100% акциясы өткізілген  тендерге   сәйкес  Сенімгерлік  Басқару  «ATM Grup Uluslararası Havalimanı Yapım Yatırım ve Işletme limited» түрік компаниясына  28 жыл  мерзімге  берілді. Сол  жылда Маңғыстау  облысы  әкімдігімен  және  ATM Grup  арасында 30 жыл мерзімге  жаңа  жолаушылар терминал  құрылысын салу мен пайдалану  Концессия Шартты жасалды.  Сенімгерлік  Басқарудың шартына сәйкес, әуежайды қайта жаңғырту және ұшып-қону жолағын ұзарту, жүргізу жолағын және перронды қайта жаңарту, санатсыз ОМИ  жарық  дабыл  жүйесін ИКАО халықаралық стандарттарына лайықты бірінші санаттағы ОВИ жүйесімен алмастыру жүргізілуде. Қайта жаңғырту аяқталғаннан кейін  ҰҚЖ-ның ұзындығы 3060 м., ені 45 м.,  жабылғы  тығыздығы  кемінде 50 PCN құрайды.   Бұл  максималды ұшу массасы бойынша барлық  ауыр жүк тиейтін кемелерді шектеусіз  қабылдау  мүмкіндігін  береді.

Жаңа  жолаушылар  терминал  құрылысын  салу 2009  жылы аяқталды. Терминалдың  өткізу  қабілетілігі  сағатына  450  жолаушы, VIP және CIP - залдарын атқаратын ауданды қоса алғанда, жалпы ауданы 13 400м2 құрайды. Жолаушылар терминалының қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін, қазіргі заманғы құралдармен, қауіпсіздік пен күзетті қоса алғанда, жаңа электронды және электромеханикалық жүйелермен, оның ішінде: телескопиялық  жолаушылар көпірлерімен, электронды тіркей бағанымен, HVAC- салқындату мен жылыту жүйесімен, FIDS - электронды таблода ұшулар туралы хабарлау жүйесімен, X- RAY- ренгенді сканерлермен, CCTV- бейнебақылау  жүйесімен, лифттер  мен эскалаторлармен  жабдықталған.

Әуежай  2009  жылы   «ТМД  елдер  арасында  ең үздік әуежай»  байқауында   2008 жылғы «ТМД елдер арасында қарқынды дамушы әуежай» номинациясында жеңімпаз болды,  2010  жылғы  мамыр  айында  Ақтау  әуежайы  2009 жылғы «ТМД  елдер арасында  перспективті  дамитын әуежай»  болып  мақұлданды.

Қазіргі  уақытта Ақтау әуежайы, Астана және Алматы әуежайларынан кейін, тасымалдаулар  көлемі  бойынша Қазақстан Республикасында расында үшінші орында  тұр. Әуежайда  қазақстандық және шетелдік авиакомпаниялар қызмет көрсетеді, олар 8 ішкі  және 16 халықаралық бағыттар бойынша ұшуларды орындайды. Ақтау қаласынан Мәскеу,  Ыстамбул, Баку және Киев  қалалары арқылы, әлемнің кез-келген нүктеcіне жетуге болады. Қазақcтанның барлық  жолаушылар  транзиті өңірлік авиакомпаниялардың арқасында жүзеге асырылады, олар жолаушылар потенциялы азырақ қалалардан(Атырау, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал) жолаушыларды Ақтау әуежайына жинап, олар аталған  4  ірі  әуежайлардан әрі қарай дүние жүзіне шығады. Қазіргі таңда, әуежай  облыстың транзитті потенциалын іске асыру мақсатында, әлемнің түйістіру  әуежайларына  жаңа  бағыттарды  ашу бойынша маркетинг  жұмыстарын  жүргізеді.